№2 Аспара жалпы білім беретін мектебінің директоры Мамырбаев Б.К баяндамасы,
Бауыржан Қырықбайұлы Мамырбаев
№2 ЖББОМ мектебінің директоры
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Аспара ауылы
Мектеп пен ата-ана қарым-қатынасы
Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбисін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да – балалар , яғни, бүгінгі ұрпақ – ертеңгі елдің болашағы.
Мен баяндамамның алғы сөзін шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келед: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрби берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген.
Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Кейбір сынып жетекшілері тоқсанның аяғында үлгерім қорытындылары туралы ата-аналар жиналыстарын өткізгенімен оқуға үлгермейтін немесе тәртіпсіз балалардың ата-аналарымен барлық уақытта бірдей келісіп әрекет жасамауы мүмкін.
Сыныпта, мектепте болатын іс-шараларда сынып жетекшілерін ең бірінші қолдап, демеу көрсететін – сынып оқушыларының ата-аналары. Ендеше, сынып жетекшісі ең бірінші ата-аналар төрайымымен және ата-аналармен тығыз байланыста болуы керек. Кез-келген мәселенің жауабы ата-аналармен шешімін табуға тиісті. Барлық сынып жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді. Көптеген ата-аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата-аналар жиналысына келмей де жатады, оқушының ата-анасымен қалай байланыс жасау керектігі жайлы шешілетін көптеген жолдары бар.
1. Оқушының жанұясына барып тұру
Бұл – ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Жанұяға барғанда сынып жетекшісі өз оқушысының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады. Ата-аналарымен және жанұяның басқа мүшелерімен әңгімелескенде, сынып жетекшісі оқушының мінезі, қызығуы мен икемділігі туралы ата-аналарына, үлкендер мен кішілерге қарым-қатынасы туралы мағлұматтар алады.
Ата-аналарын мектепке тек баласы тәртіп бұзғанда немесе жаман оқи бастағанда ғана шаұырмау керек. Кецде оқушы өзін жаман ұстамайды, жақсы оқиды, бірақ, сынып жетекшісі оның сыныптан тыс оқуын ұйымдастыру, оны қандай да бір қоғамдық пайдалы жұмысқа қатыстыру, оның белгілі бір саладағы дарынын дамытуға қажетті жағдайлар жасау туралы да ата-аналармен келісіп алуы керек.
Ата-аналар мектеп мұғалімдерімен кездесіп отыру пайдалы ғана емес, қажет те. Ол кездесулер мектеп пен жанұя арасындағы тығыз байланыс орнатуға, оқушылардың оқуы мен тәртібінде кемшіліктерді болдырмауы үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.
2. Ата-аналармен хат алмасу.
Кейбір сынып жетекшілері жанұямен байланыста ата-аналармен хат жазысып тұру түрін қолданады.
Хат арқылы мектеп оқушысының үлгерімі мен тәртібі туралы хабарлап тұрады.
кейде хат жазғанда ата-аналардан жанұя тәрбиесіндегі қиындықтар туралы сұрауға, бала тәрбиесі жөнінде олар қандай әдебиеттер оқитынын біліп, ол жайлы тиісті жаңа кітаптар ұсынуға болады.
Ата-аналармен хат жазысуға оқушының күнделік дәптері пайдаланылады. Сынып жетекшілері онда оқушының оқуға, қоғамдық жұмысқа қатысты тәртібі туралы қысқаша жазып отырады.
3. Сыныптық ата-аналар жиналысы.
Бұл – сынып жетекшісінің жанұямен байланысының бір түрі.
Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай оқу жылының басында және әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі.
4. Ата-аналарға педагогикалық тақырыптағы әңгіме, баяндамалар оқып, түрлі басылымдардан, әдебиеттерден қажетті ұсыныстар мен пікірлер оқуды тапсырамын.
5. Белсенді ата-аналар басшылыққа алу, үлгі-өнеге ету.
Осындай түрлі жұмыстар жүргізу – менің әр күнгі ісім болып саналады. Үйіне барып, байланыс жасаған кезде сол оқушының мінез-құлқын, бейімділігін, сынып ішіндегі оқушылармен қарым-қатынасын, қоғамдық жүктемені орындауын айта келіп, сол жанұяға тән қажетті нәрселерді ескеріп отырамын. Мұндай байланыс сынып жетекшісінің жұмысына жеңілдік келтіреді, тезірек орындалуына себебін тигізеді.
Жас жеткіншектерді тәрбиелеу ісінде мектеп пен отбасы арасындағы байланысқа үнемі көңіл бөлінуі тиіс. Әрбір сынып жетекші, ата-ана баласының тәрбиесіне көңіл бөлуі керек.
Ата-аналар кодексінде:
- ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті;
- баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру - ақыл айту емес;
- баланы жақсы көргендігіңізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз;
- мектептегі жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқығыңыз бар.
Қателігін түсіне білетін,
Дұрыс жүріп, күтіне білетін,
Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,
Білімді жинап, дүниені шолатындай, -
балаларыңыз, үлкен азамат болсын!
Сөз соңын ұлы ұстаз Макаренконың: «Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз
Кіре берістегі, жол-жөнекей айтылған сөз бала көңлінде керектігі із қалдырмайды деген» , - парасатты ойымен түйіндегенді жөн көрдім.