Кездесу
2026 жылдың 22 сәуір күні Құлан агротехникалық жоғары колледжінің оқытушысы Р.Қуатбекова 9- 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында мектептің 9–11 сынып оқушыларын кәсіптік білім беру жүйесімен таныстыруға, олардың болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуына ықпал ететін ақпараттық-түсіндіру шарасы жүргізілді. Сонымен қатар, колледждің білім беру бағдарламалары, оқу шарттары, мамандық түрлері және түлектердің мүмкіндіктері туралы толық мәлімет берілді.