13
апрель
2021
12 сәуір күні №2 Аспара жалпы білім беретін мектебінде "Әдістемелік алаң- тәжірибе алмасу" тақырыбындағы серіктес мектептердің тәжірибе алмасу семинары санитарлық талаптарды сақтай отыра ұйымдастырылды.
12 сәуір күні №2 Аспара жалпы білім беретін мектебінде "Әдістемелік алаң- тәжірибе алмасу" тақырыбындағы серіктес мектептердің тәжірибе алмасу семинары санитарлық талаптарды сақтай отыра ұйымдастырылды. Аудандық білім бөлімінің әдіскері, мектеп кураторы З. М. Досмуханбетова және серіктес мектептердің жетекшісі В. А. Киргизбаева мектеп директоры Б. К. Мамырбаев алғы сөз сөйлеп, іс-тәжірибесімен бөлісетін ұстаздарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, семинарға серіктес мектептер Т. Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ, №14 ЖОББМ, №19 ЖОББМ және қоғамдастықтағы №11ЖОББМ, №6 ЖОББМ мұғалімдері де қатысты. Оқытудағы оқу- әдістемелік ресурстармен таныстыру арқылы өзара тәжірибе алмасу, мектеп мұғалімдерінің шығармашылық ізденістерін ортаға салу мақсатында ұйымдастырылған семинарда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М. Д. Мусаева 2020-2021 оқу жылындағы мектептің жұмыс үдерісімен таныстырды. Ағымдағы оқу жылында жүзеге асырылып жатқан «Тіл ұстарту» жобасының жүргізілу барысымен, жоба аясында оқушылардың жеткен нәтижелерімен бөлісті. Семинар барысында тарих пәнінің мұғалімі Е. Кеңесқұл 6-сыныптағы «Есім ханның билігі кезіндегі Қазақ хандығы бірлігінің нығаюы», биология пәнінің мұғалімі Г. Альжанова 10- сыныптағы «Мидың құрылысы мен қызметтері» тақырыбындағы панорамалық сабақтарын көрсетті. Мектеп психологы Б. Утеходжаеваның «Ыстық картоп» психологиялық тренингінен кейін семинар қатысушыларымен кері байланыс жүргізілді. Мектеп директоры Б. М. Мамырбаев семинарда өз іс- тәжірибесімен бөліскен ұстаздарға алғыс хат пен сыйлық табыстады. Семинар соңында қатысушылар көктемгі абаттандыру жұмыстары аясында мектеп ауласында алма ағаштарын отырғызды.