АПҚО жоспары бойынша Д.Масагутова ата-аналармен сабақ өткізді.
№2 Аспара ЖОББМ АПҚО жоспарына сай 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарымен Д.Масагутова "Жасөспірімдердегі ұйқы: Оқуға және мінез-құлыққа әсері" тақырыбында сабақ өткізді. Мақсаты: ата-аналардың ұйқыға жауапкершілікпен қарауы жасөспірімнің денсаулығын және психикалық саулығын сақтау факторы ретінде қарастыру
Міндеттері:
1) ата-аналардың жасөспірімнің ұйқы сапасын жақсарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға ынталандыру;
2) жасөспірімдердің танымдық белсенділігі мен мінез-құлқына ұйқының әсерін түсінуге ықпал ету;
3) ұйқы сапасын жақсартуға көмектесу үшін практикалық дағдыларды дамыту
Күтілетін нәтижелер:
• ата-аналар жасөспірімнің ұйқы режимін сақтауға ынталы болады;
• ата-аналар ұйқының жасөспірімнің салауатты өмір салтының маңызды бөлігі екенін түсінеді;
• ата-аналар жасөспірімнің ұйқы сапасын қамтамасыз ету дағдысын меңгереді.
Ұлттық құндылықтар мен тұлғаның жеке қасиеттері: сүйіспеншілік пен жауапкершілік.
Жоспар:
I. Кіріспе бөлім: әңгіме.
II. Негізгі бөлім:
• Тапсырма
• Бейнематериалды талқылау
• Жаңа ақпарат: «Жасөспірімдердің ұйқысы: оқу және мінез-құлыққа әсері»
• Релаксация жаттығулары
• «Жасөспірімге ұйқыны жақсартуға қалай көмектесуге болады?» тапсырмасы
III. Қорытынды бөлім:
• Рефлексия
• Ақпараттық материалдарды тарату