19
апрель
2023
№ 2 Аспара жалпы орта мектебінде 1-30 сәуір аралығында "Нашақорлыққа және мінез құлық ауруларының алдын алу" айлығы
№ 2 Аспара жалпы орта мектебінде 1-30 сәуір аралығында "Нашақорлыққа және мінез құлық ауруларының алдын алу" айлығының жоспары негізінде мектеп медбикесі Р. Абдирахманованың ұйымдастыруымен "Нашақорлық, шылым шегу, әлде денсаулық па?" тақырыбында 8-9 сынып оқушылары арасында оқушылардың бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, денсаулығын сақтай білуге үйрету, зиянды нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу, нашақорлықтың алдын алу мақсатында кездесу өткізілді.Кездесуде оқушыларға нашақорлық, есірткі, шылым шегу және көптеген психоактивті заттардан сақтанып, оның адам өміріне келтіретін қаупі, мінез - құлыққа әсері ететіні туралы айтылды. Жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстанып , спортпен шұғылданып ғасыр дертімен күресуге шақырды.