№2 Аспара ЖОББМ жанынан ашылған "Балдырған" шағын орталығының 2024-2025 оқу жылына жылдық жұмыс жоспары
Мектепке дейінгі шағын орталықтың
төлқұжаты
Атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің » №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
- Типі: Мектептің жанындағы
- Ашылған жылы:2011ж
- Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру
- Тәрбиелеу мен оқыту тілі: қазақ
- Орын саны: 50
- Балалар саны: 50 бала
(ортаңғы топ-25)
(ересек топ-25)
- Педагогтар саны: 7
Әдіскер-1
Тәрбиешілер-5
Муз.жетекшісі-1
- Мекен-жайы: Аспара ауылдық округі, Аспара ауылы,
Тұран көшесі, 1А ғим
- Телефоны: 2-50-22
2023– 20224 оқу жылының жылдық жұмысын талдау
2023-2024 оқу жылында балабақшада 50 тәрбиеленуші тәрбиеленді. 2 топ жұмыс істеді.Шағын орталықта: 1-әдіскер,4-тәрбиеші,1-сазгер, 1-медбике, 2-бала күтуші, 1-аспазшы, 1-кір жуушы, 1-кір үтіктеуші қызмет етеді.Мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды заманауи талаптар деңгейінде жүргізу мақсатында балабақша топтары керекті жиһаздармен толықтырылды. Әрбір оқу тәрбие жұмыстары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Шағын орталық айналасы көгалдандырылған, шағын орталық ауласына қажетінше гүлдер отырғызылған.
Шағын орталықта баланың өз денсаулығына ұқыптылықпен қарауға, нығайтуға, денсаулығын сақтауға, жалпы қимыл қозғалыс іс - әрекеттерін физикалық қасиетін қалыптастыру және дамытуға мүмкіндік туғызылған. Балабақша өз жұмысын Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей білім беру стандарттарын «Тіл туралы Заң», «Балалар құқығын қорғау Заңы», «Білім туралы Заң» және де басқалай қаулыны басшылыққа ала отырып іс – шаралар жүргізеді. Балалардың шығармашылық дағдыларын зерттеу іс-әрекетін дамытубалалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және мүсіндеу, музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы іске асырылды.Сурет салу, мүсіндеу, жапсыру және өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастыруды, өнер түрлері туралы қарапайым ұғымдарды, тәрбиеленушілердің дербес шығармашылық іс-әрекеті толық қамтылды. Музыкалық шығарманың қарқынын, жоғары дыбыстарды ажыратып, әуеннің басы мен соңына назар аударуды үйренді. Балабақшада қосымша бағдарламалар және инновациялық технологиялар қолданылады. Күнделікті баланың ақыл-ойын арттыру үшін танымдық мағлұматтар көп берілді.Баланы тұлға ретінде қалыптастыруда оның дене дамуына көңіл аударылады. Бала ағзасының дұрыс дамуы үшін- балабақшада сауықтыру мен профилактикалық міндеттер күнделікті күн режимінінде жүйелі орындалды. Балаларға жыл бойына дәрумендер беріліп, фитоемдеу, физиоемдеулер жүргізіліп отырды. Денсаулықты жақсарту үшін баланы шыдамдылыққа, іскерлікке, психологиялық және физикалық үйлесімділікке бейімдеу жұмысы бақылауға алынған. Балалардың денсаулығын дұрыс қалыпта сақтау үшін дені сау бала тәрбиелеу мақсатында Шынықтыру шараларын үздіксіз өткізілді.Жас ерекшелік топтарына сәйкес денсаулық сақтау және нығайту шараларын ұйымдастырылды.«Балалар біздің болашағымыз»,«Ұлттық ойын жарысы»,«Біз шыныққан баламыз!»,«Достығымыз жарасқан»,«Ойна әрі шымыр бол!» , «Біз үлкен болып өсеміз!»,«Көңілді отбасы»,«Спортшылар»тақырыптарында бүлдіршіндер мен бөбекжай-бақша ұжымымен шынықтыру-сауықтыру шаралары өткізілді. Отбасы мен балабақшаның алдында тұрған мақсат пен міндет бір: дені сау, жан-жақты дамыған, отансүйгіштік азаматтарды тәрбиелеу. Отбасы мен балабақша - бір өзеннің екі жағасы сияқты. Олардың өзара әрекеттестігі өнімді болу үшін төмендегідей жағдай жасалды:
- ата-аналар, педаготар арасында жағымды эмоционалдық орта жасау (мейірімді лебіздер)
- ата-аналардың педагогикалық шеберліктерін белсендіру (ұйымдастырылған іс-әрекетіне қатыстыру)
- балаларды тәрбиелеудегі саналы қарым-қатынасты қалыптастыру (ата-аналардың құқықтың мәдениетін көтеру, сауалнамалар, кеңестер, педагогикалық кеңестерге қатыстыру)
- отбасылық тәрбиенің жағымды тәжірибесін жинақтау (байқауларға, көрмелерді ұйымдастыруға шақыру).
Ата-аналарды балабақша өміріне қатысуға тарту және баланы әлеуметтендіру, өзара әрекеттестіктің ең тиімді түрлерін іздестіру және енгізу арқылы өтеді. Ата-аналар тәрбиешілердің белсенді көмекшілері болу үшін, оларды балақша өміріне тарту керек, ата-анамен ынтымақсатықтың әр түрлі әдістері қолданылды.
Отбасылық спорттық сайыстар, газеттер сайыстары, салт-дәстүрлерді дәріптеуге арналған көптеген іс-шаралар жүргізіліп тұрады. Балабақша ұжымы ата-аналардың бала тәрбиесі жөніндегі түсініктерін кеңейту, білім-дағдыларын арттыру, бала арасындағы қарым-қатынасын дұрыс үйлестіру мақсатында әр түрлі жұмыстар жүргізілді.
Педагогикалық ұжым әр дайым ізденісте, инновациялық жаңалықтарға құмар, өз тәжірбиелерінде жаңа технологияларды қолдана отырып, заман талабына сай интернет желісімен жұмыс жасап,балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, санала да сапалы білім берді.
Күн тәртібі тәрбиеленушілердің психологиялық жас ерекшілігін ескере отырып қарастырылды. Педагогикалық ұжым жылдық мақсатты жүзеге асыру үшін сайыстар, кеңестер, көрмелер, ашық есік күндерін жоспарланды. Жоспарланған іс әрекеттер өз дәрежесінде әдістемелік деңгейде,жаңа технологиясы өндіру дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы өткізіліп отырды. Онда негізгі мәселе балалардың оқып оның қабілетін қалыптастыру мақсатында тәрбиешілермен 4әдістемелік кеңес, оқу тәрбие жұмысы бақылау барысында тақырыптық ,салыстырмалы, шолу,жедел бақылау түрлері өткізіліп нәтижесі педогогикалық кеңестерде талқыланады. Тәрбие берушілермен тәрбиешілер арасында ашық есік күндерінде ұйымдастырылған оқу қызметтері өткізілді. Осы оқу жылында мектепке 19 - бала шығарылды.Бұл жәйіттердің барлығы ұжымдық әдістемелік дұрыс және өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын педогогикалық ұжымның отбасымен бірлесе жұмыс атқарған нәтижесі стандарт талабын орындағаны екені анық. Жұмыс жүрген жерде кемшіліктерде кездеседі.Сондықтанда әліде болса балабақшаның қатынастық негізгі тиімді тәсілдерін үйретуді,баланың сөйлеу тілін,дұрыс сөйлеу үлгісін және шығармашылық тілдік қызметін қалыптастыру қажет деп ойлаймын.
2024-2025 оқу жылындағы педагогикалық жұмыстың негізгі мақсаттары мен міндеттері.
-ұлттық мәдениетке қызығушылықты арттыру,қазақ тілін меңгеруге ынталандыру
- МДҰ мен ата-аналар қауымдастығының ықпалдастығын нығайту,
«Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі», «Жас аналар мектебі» әлеуметтік институтын дамыту
-Тәрбиеленушілер үшін қауіпсіз жәнежайлы орта құру
-Мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізу
Экологиялық білім беру және экологиялық мәдениет дамыту
ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР СИПАТТАМАЛАРЫ
Педагог қызметкерлер құрамын талдау (білімі және санаты) | Саны | Пайызы |
Жоғарғы мектепке дейінгі білім Жоғарғы педагогикалық білім | 7 | 100 % |
Орта арнаулы мектепке дейінгі | 0 | |
Жоғары санат Зерттеуші | 0 | |
Бірінші санат Сарапшы | 0 | |
Екінші санат Модератор | 5 | 72 % |
Санат жоқ | 2 | 28 % |
Педагогикалық қызметкерлердің еңбек өтілдері
Оқу жылы | 0-5 жыл | 5-10 жыл | 10-20 жыл | 20 және одан жоғары | Барлығы |
2024 - 2025 оқу жылы | 2 | 5 | 7 |
Жоспар мазмұны:
Жалпы мәлімет (мектепке дейінгі ұйым туралы)
Талдау (2023-2024 оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет)
Кесте(жұмыс жоспары)
II.Педагогикалық- ұйымдастырушылық-жұмыс
-Әдістемелік кеңестер(ӘК)
-Педагогтарға арналған кеңестер (ПАК)
-Әдістемелік кабинеттің жұмысы (ӘКЖ)
ІII. Салауатты өмір салтын ұйымдастыру
- Дене шынықтыру сауық кештері (ДШСК)
- Дене шынықтыру мерекелері (ДШМ)
-жүйелі пайдалы тамақтануды ұйымдастыру (ЖПТ)
-медициналық-педагогикалық бақылау(МПБ)
-IV. Білім беру процесін ұйымдастыру
-Білім беру процесінің ашық көрсетілімдері(АК)
- Өндірістік кеңес (ӨК)
- Ертеңгіліктер, мерекеліктер(ЕМ)
-Байқаулар, Көрмелер(БК)
V.Экологиялық мәдениет-тәрбие беру жоспары
- Қалдықтарды жинау, сұрыптау, қайта өндеу (БК)
- Экологиялық – ақпараттық шаралар (БК)
VI. Тәрбиеленушілердің отбасыларымен өзара қарым-қатынас.
Ата-аналар жиналысы(АЖ)
-Ата аналарға арналған кеңестер пункт жұмысы (ПЖ)
-Ата-аналармен бірлескен шаралар (АШ)
VII. Құқықтық – тәрбие жұмысы
VІІI. Әкімшілік-шаруашылық жұмыс.
1.3 Өз білімін көтеру
№ | Жұмыс мазмұны | Күтілетін нәтиже | Мерзімі | Жауаптылар |
1 | «Құм терапиясын қолдану» | Балалардың қол моторикасының, зейінін дамыту, сауықтыру шарасын іске асыру | 1 Жыл | Тәрбиешілер: Ескараева М Сопиева М Турлугулова М Ересек топ |
2 | «Қуыршақ терапиясы » | Балалардың шығармашылық қабылетін дамыту, қазақ тілінде сөйлеу қорын молайту | 1 жыл | Тәрбиешілер: Ескараева М Сопиева М Турлугулова М Ересек топ |
3 | «Іс –әрекет барысында ойын түрлерін қолдану» | Балалардың дамытушы ойындар арқылы зейінін қалыптастыру, 5 дағды бойынша дағдыларын қалыптастыру | 1 жыл | Тәрбиешілер Жумамбаева И Джаналакова Тойманбетова Ортаңғы топ |
2.Педагогикалық- ұйымдастырушылық-жұмыс
2.1Білім беру процесінің ашық көрсетілімі
Қорытынды енулер
қ/с | Педагогтардыңаты-жөні | ену түрі | Уақыты | Жауаптылар | Тексеруге Жауаптылар |
1 | «5» саны Міндеті:Танымдық зияткерлік дағдыларды дамыту, балалардың матемаикалық негізге қызуғушылығын арттыру | Ашық көрсетілімдер Ересек топ | Қыркүйек | Сопиева М | Әдіскер Жумамбаева И |
2 | «Бақ та ма? Бақшада ма?» Міндеті: Балаларға көкеніс тер мен жемістерді ажырата білуге үйрету | Кіріктірілген Ашық көрсетілімдер Ортаңғы топ | Қараша | Тойманбетова А | Әдіскер Жумамбаева И |
3 | «Тәуелсіз елім Қазақстан» Міндеті: Өз еліне жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, тәуелсіздік туралы білім беру | Ашық көрсетілімдер Ересек топ | Желтоқсан | Турлугулова Ф | Әдіскер Жумамбаева И |
4 | «Менің сүйікті отбасым» Міндеті: Отбасы құндылықтарын дарыту,зейінін шоғырландыру | Ашық көрсетілімдер Ортаңғы топ | Наурыз | Джаналакова Д | Әдіскер Жумамбаева И |
5 | «Менің болашақ мамандығым» Міндеті: Балалардың мамандықтар туралы білімдерін арттыру, мамандық ұғымын түсіндіру , қоршаған орта байланысын түсіндіру | Ашық көрсетілімдер Ересек топ | Мамыр | Ескараева М | Әдіскер Жумамбаева И |
2.2 Әдістемелік кеңестер.
№ | Жұмыс мазмұны | Мерзімі | Жауаптылар | Ескерту |
№1 Әдістемелік кеңес | Тамыз | |||
1. | Күн тәртібінде: 1.- Жаңа оқу жылының 2024-2025 Мектепке дейінгі ұйым нұсқау хатын талқылау. 2024-2025 оқу жылының жылдық жоспарын бекіту (тәрбиешілердің перспективалық жоспарн бекіту) 2. «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасымен таныстыру. 3. Бастапқы мониторинг нәтижелерін жүргізу. | 28.08.2024ж | Әдіскер Жумамбаева И | |
№2 Әдістемелік кеңес | Қазан | |||
1. | Күн тәртібінде: 1.тәрбиелеубілім беру процесін ұйымдастыру, балаларды дамыту әдістемелері, дидактикалық материалдарды қолдану бойынша жеке консультациялар беру(Әдіскер) 2.Ашық есік күндерін ұйымдастыру мен өткізу бойынша ұсынымдар беру 3. « Балабақшада В.В.Воскобович технологиясын балалардың іс-әрекетінде қолданудың тиімділігі» талдау жасау. Ағымдағы мәселелер. | 14.10.2024 ж | Әдіскер Жумамбаева И
Тәрбиеші: | |
№3 Әдістемелік кеңес | Қаңтар | |||
1. | Тақырыбы: «Жарты жылдық жұмыстың қорытындысы». 1.1-ші жартыжылдық жұмыс қорытындысы, аралық мониторинг бойынша есеп 2.Дамыту орталықтарында бала қызығушылығына байланысты жұмыс ұйымдастыру тәсілдері бойынша талдау. 3. «Аналар және әжелер мектебі» , «Әкелер мектебі» бойынша атқарылып жатақан жұмыстардың есебі. 4.Психологиялық тренинг, Педагогтар мен жұмысшылардың сергіту сәті 5. СанПин талаптарының орындалуы | Дөңгелек үстел | Әдіскер Жумамбаева И Тәрбиеші: Ескараева М Тәрбиеші: Джаналакова Д Тәрбиеші: Тойманбетова А Медбике | |
№4 Әдістемелік кеңес | Мамыр | |||
1 | Тақырыбы: «2024-2025 оқу жылының қорытындылары » 1.Әдістемелік кеңестің шешімдерін орындау, талдау жасау 2. Оқу процесінің жылдық қорытындысы 3..Жаз мезгілінің жылдық жоспарымен таныстыру 4.Мектепке дейінгі ұйымдарда таңғы жаттығуларды бақылау парағы,Мектепке дейінгі ұйымдарда серуенді бақылау парағы, Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған іс-әрекетті бақылау парағы бойынша жүргізілген бақылауларға талдау жасау. | Отырыс | Әдіскер Жумамбаева И |
2.4.Семинарлар,шебер класс,кеңестер
Жұмыс мазмұны | Мерзімі | жауаптылар |
TEDX форматында «Қуыршақ терапиясы» | Қыркүйек | Әдіскер Жумамбаева И |
Шебер топ: 2024-2025 оқу жылы « Балабақшада В.В.Воскобович технологиясын балалардың іс-әрекетінде қолданудың тиімділігі» | Қараша | Әдіскер Жумамбаева И |
Дамыту орталықтарында бала қызығушылығына байланысты жұмыс ұйымдастыру тәсілдері | Ақпан | Әдіскер Жумамбаева И Тәрбиеші Ескараева М |
Әдістемелік күнге шебер класс Тақырыбы: «Балалардың сенсорлық қабілетін дамытуда «Күлгін орман» ойынынның ерекшелігі» | Сәуір | Әдіскер Жумамбаева И |
«Мейірімді болса жүрек-орындалар тілек» Тренинг-сабақ | Мамыр | Тәрбиеші Джаналакова Д |
2.5.Мерекелік ертеңгіліктер, көңіл сергітулер, кештер.
№ | Тақырыбы | Форматы | мерзімі | Жауаптылар |
1 | « Білім күні » | Тәрбие сағаты | 02.09.2024 ж | Тәрбиешілер |
2 | «Қазақстан халқы тілдері күні» | Тақырыптық іс-әрекет | 05.09.2024ж | Тәрбиешілер Ортаңғы топ Ересек топ |
3 | «Республика күні» | Тақырыптық іс әрекет | 24.10.2024ж | Топ тәрбиешісі Турлугулова Ф |
4 | «Жасыл шырша жанында» мерекелік ертеңгіліктер | Мерекелік ертеңгілік | 25.12.2024ж | Топ тәрбиешілері Ересек топ Ортаңғы топ Ән жетекшісі |
5 | «Алғыс айту күні» | Мерекелік іс -шара | 01.03.2025ж | Топ тәрбиешісі Ескараева М Ән жетекшісі |
6 | 8 наурыз- аналар мерекесі «Анашым –мерекеңмен!» | Мерекелік кеш | Наурыз2025ж | Топ тәрбиешілері Ересек топ Ортаңғы топ Ән жетекшісі |
7 | «22-Наурыз- әз Наурыз құтты болсын!» | Ұлттық ойындар мен ас мәзірі байқау | Наурыз 2025ж | Топ тәрбиешілері Ересек топ Ортаңғы топ Ән жетекшісі |
8 | «Бірлігіміз жарасқан» | Байқау | Мамыр2025ж | Тәрбиешілер |
9 | «Отан-оттанда ыстық» Отан қорғаушылар күні | Квест ойыны | Мамыр2025ж | Тәрбиешілер |
10 | «Қош бол, балабақша!» ертеңгілігі | Ертеңгілік | Мамыр 2025ж | Топ тәрбиешілері Ескараева М Турлугулова Ф Сопиева М |
11 | «Балалар болашағым» атты балалр күні мерекесі | Концерт | Мамыр 2025ж | Әдіскер Топ тәрбиешілері |
3.САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мақсаты: Балалардың физиологиялық дамуы, өмірі мен денсаулығын нығайту жұмыстарын жетілдіру және медициналық-педагогикалық бақылау
Тақырыбы | Негізгі қызметтердің мазмұны | Орындалу мерзімі | Жауаптылар |
-«Дене шынықтыру» ҰОҚ (ДШ) | Дене шынықтыру ҰОҚ Үлгілік оқу жоспарына және ҰОҚ кестесіне сәйкес өткізу. Тақырыптық бақылау Қорытынды бақылау | аптасына 3 рет қазан сәуір | Тәрбиешілер Медбике |
-Режимдік сәттер (РС) Таңертеңгілік жаттығу Физкультминуткалар Таза ауадағы серуен Түскі ас Ұйқыдан кейінгі гимнастика | Режимдік сәттерді (РС) бақылау Алдын-ала бақылау – режимдік сәттерді орындау барысында орын алатын қателіктердің алдын-алу. Тақырыптық бақылау – режимдік сәттерде мәдени гигиеналық дағдыларды қалыптастыру барысын қадағалау Шұғыл бақылау – түскі ас кезіндегі мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру шараларының орындалуы Қорытынды бақылау – қалыптастырылған мәдени-гигиеналық шаралар нәтижесін шығару | Жыл бойы Қыркүйек Қазан Қаңтар Мамыр | Әдіскер Медбике Медбике |
-Денсаулық күндері (ДК) | Жас ерекшелік топтарына сәйкес денсаулық сақтау және нығайту шараларын ұйымдастыру «Біз спортты сүйеміз!» «Дене шынықтырумен достасқаның, күшіне күш қосқаның» «Дені саудың-тәні сау» | Қыркүйек Қаңтар сәуір | Барлық топ тәрбиешілері Медбике Медбике Барлық топ тәрбиешілері |
-Дене шынықтыру сауық-кештері (ДШС) | «Денсаулығы сәбидің-қуанышы әр үйдің»» «Денсаулық-зор байлық» «Ұлттық ойындар фестивалі» | Тамыз Қараша Наурыз | |
-Дене шынықтыру мерекелері (ДШМ) | «Шаршамаймыз, талмаймыз, спортты біз таңдаймыз!» спорттық мереке «Денсаулығым –байлығым» спорттық мереке | Қаңтар Сәуір | |
-рационалды теңдестірілген тамақтануды ұйымдастыру (РТТ) | -Тағам өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын сертификаттардың болуы. | Уақытында | Медбике |
-Тағам өнімдерін аспаздық өңдеу жөніндегі санитарлық талаптардың орындалуы. | Үнемі | Медбике Аспазшы | |
-Балалардың тамақтану гигиенасы талаптарының сақталуына бақылау. | Үнемі | Әдіскер Медбике |
4. Экологиялық мәдениет-тәрбие беру жоспары
Мақсаты:
№ | Жұмыстың мазмұны | Мерзімі | Жауаптылар | Ескерту |
1 | Жас экологтарға «Экология» ұғымын түсіндіру балаларды жоспармен таныстыру Серуендер жасау | Қыркүйек | Тәрбиешілер: Турлугулова Ф | |
2 | «Экологиялық бағдаршам» ойын-сауық Мақсаты: Балаларды табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін сақал-мәтел, тақпақтар, тиым сөздер арқылы білімдерін алттыру. | Қазан | Тәрбиешілер: Сопиева М | |
3 | Экологиялық іс-шара тақырыбы: Су – өмір нәрі. мақсаты: 1.Балаларға су,оның қасиеті,маңызы,пайдасы туралы түсінік беру. 2.Тәжірибе жасау барысында бақылағыштық,дәм сезу,иісін,түсін ажырата білу дағдыларын дамыту,жетілдіру. 3.Суды үнемдеуге,ластамауға,табиғатты аялауға тәрбиелеу. | Қараша | Тәрбиешілер Турлугулова Ф | |
4 | «Туған күнің мен Жер - Ана» | желтоқсан | Тәрбиешілер: Жумамбаева И Джаналакова Д | |
5 | «Балалармен бірге тәжірибе алаңы» | Қаңтар | Тәрбиешілер | |
6 | «Жас экологтар зерттеуі» | Ақпан | Тәрбиеші: Тойманбетова А | |
7 | Ойын жобасы: «Құмды жолдар, сулы алақандар» | Наурыз Сәуір Мамыр Маусым | Тәрбиешілер | |
8 | Жоба жұмысының қорытынды презентациясы | Шілде | Әдіскер:Жумамбаева Тәрбиешілер |
5. Тәрбиеленушілердің отбасыларымен өзара қарым-қатынас
5.1 «Әкелер мектебі»
Міндеттері:
- әкенің беделін арттыру және оның отбасында балаларды тәрбиелеудегі
ықпалы;
- балаларды жан-жақты дамыту процесінде ата-аналар мен
педагогтердің өзара ықпалдастығы;
- балалар мен ата-аналар арасында оң қарым-қатынас қалыптастыру;
- балаларды тәрбиелеуде әкелерге психологиялық-педагогикалық
қолдау көрсету;
- ата-аналардың (заңды өкілдердің) педагогикалық мәдениетін арттыру;
- ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымның тәрбиелеу-білім беру
процесіне тең құқылы және тең жауапты серіктестер ретінде тарту
№ | Іс-шараның атауы | Форматы | Мерзімі | Жауаптылар | Ескерту |
1 | Күн тәртібінде: «Ұлан» әкелер мектебі кеңесінің жоспарын бекіту ,Жоспармен таныстыру , мүшелерін бекіту «Асыл тәрбие ұл балаға әкеден» атты бала тәрбиесінің маңыздылығы | Жиналыс | Қыркүйек | Әдіскер Әкелер кеңесінің төрағасы | |
2 | «Батамен ел көгерер» | Әке мен баладан бата байқауы | Қыркүйек | Әдіскер Тәрбиеші: Джаналакова Д | |
3 | «Бала тәрбиесіндегі әке жауакершілігі» | Әкелер жиналысы | Қазан | Әдіскер тәрбиеші Әкелер кеңесінің төрағасы | |
4 | «Әкем мен болған сәттер .... » | Бейне роликтер байқауы | Қараша | Әр топ тәрбиешілер: Турлугулова Ескараева М | |
5 | «Ынтымақты отбасы болу әкеден» | Дөңгелек үстел | Желтоқсан | Әдіскер Тәрбиешілер | |
6 | «Әке –тәрбие саңлағы» | Әкелер жиналысы | Қаңтар | Әдіскер Тәрбиеші: Тойманбетова әкелер төрағасы | |
7 | «Менің әкем –ең керемет адам» | Сурет көрмесі | Ақпан | Тәрбиеші: Жумамбаева И | |
8 | «Жақсылық жасап жарысайық» Әкелермен бірге құсқа ұя дайындау | Офлайн ұя жасап жіберу (Фоталар жіберу ) | Наурыз | Тәрбиешілер: Ескараева М Джаналакова Д | |
9 | «Әке-асқар тау» | Мерекелік іс-шара | Сәуір | Тәрбиешілер | |
10 | «Әкем және мен» Қамшы ұстарды тәрбиелеу | Отбасылық спорттық сайыс | Мамыр | Тәрбиешілер: «Құлыншақ» тобы |
5.2 «Аналар мен әжелер» мектебі
«Әжелер мектебі» мен «Аналар мектебінің» мақсаты мен міндеттері:
«Әжелер мектебі», «Аналар мектебі» қоғамдық-отбасылық өзара
ықпалдастықтың жаңа нысандарын дамыту, МДҰ-ның әлеуметтік мәртебесі
мен рөлін арттыру мақсатында құрылады.
«Әжелер мектебі» мен «Аналар мектебінің» негізгі міндеттері:
- отбасына баланы тәрбиелеу мәселелері бойынша көмек көрсету;
- отбасылық тәрбиенің озық тәжірибесін насихаттау;
- барлық отбасы мүшелерін МДҰ-ның қызметіне белсенді қатысуға және
мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуге тарту;
- педагогикалық тәжірибе алмасу, ұлттық салт-дәстүрлер негізінде
өскелең ұрпақты тәрбиелеу;
№ | Іс-шараның атауы | Форматы | Мерзімі | Жауаптылар | Ескерту |
1 | Күн тәртібінде «Аналар мен әжелер» мектебінің жоспарын бекіту,бұйрық шығару, мүшелерін сайлау «Қызға қырық үйден тыйым салу» тақырыбында қыз балаға тәрбие беру жолдары | Жиналыс | Кыркүйек | Әдіскер Тәрбиешілер Аналар мектебінің төрайымы | |
2 | «Анаға қарап қыз өсер» | «Қыз сыны» байқауы | Қазан | Әдіскер Тәрбиешілер: Джаналакова Д Ескараева М | |
3 | «Өнерлі ана-талап қыз » Турлі қолөнер бұйымдарын жасау | Шеберлік сыныбы | Қараша | Тәрбиешілер: Турлугулова Ф Тойманбетова А | |
4 | «Қыз бала-тәрбиесі» | Дөңгелек үстел жиналыс | Желтоқсан | Әдіскер тәрбиешілер | |
5 | «Анам және менің бір күндік өмірім» | Үй шаруасындағы бейнеролик байқауы | Қаңтар | Тәрбиешілер: Жумамбаева И Ескараева М | |
6 | «Асыл әже» жас аналарға әжелерден қыз тәрбиесінде кеңестер | Тәжірибе бөлісу дөңгелек үстел | Ақпан | Тәрбиешілер | |
7 | «Жүн түту» Жүн түтіп , шағын қыздарға көрпешелер жасау | Шеберлік сыныбы | Наурыз | Әдіскер ата-аналар тәрбиешілер | |
9 | «Анам және мен» | Сырласу бөлмесінде сұхбаттасу | Сәуір | Ата-аналар Тәрбиешілер | |
10 | «Қыз өссе...» | Концерттік бағдарлама | Мамыр | Тәрбиешілер «Құлыншақ» тобы «Балапан» тобы |
5.3 Жалпы ата-аналар жиналыс кестесі
№ | Жұмыс мазмұны | Мерзімі | Жауапты |
1 | Тақырыбы : Отбасы- тәрбиенің ұясы
Күн тәртібіндегі мәселелер. 1.Ата-аналар комитетінің төрайымы мен мүшелерін сайлау. 2. Кіріспе сөз: Ата- ананың басты қуанышы бала 3. Тренинг: шаттық шеңбері (әдіскер) 4. Ата аналармен ойын өткізіледі.(тәрбиеші) 5. Қорытынды. | Қыркүйек | Әдіскер Тәрбиеші: Ескараева М Турлугулова Ф Тойманбетова А |
2 | Тақырыбы : «Балабақшада балалар қауіпсіздігін сақтау»
1. Балалардың оку-тәрбие процесін ұйымдастыру жұмыстарының нәтижелері Жумамбаева И.К. әдіскер 2. Балалардың қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сактау тәрбиеші Джаналакова Д 3. СанПин КР нормаларын сактау. Абдирахманова Р- медбике | Қаңтар | Әдіскер Тәрбиешілер Ата – аналар комитеті Медбике |
3 | Тақырыбы : «Ата-аналармен жылдық қорытынды» Күн тәртібінде : 1.Ата-ана мен бала арасындағы көпір. 2.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг нәтижелері 3. Балалар әлеуметтік коммуникацияның алғашқы дағдыларын дамытуда балабақша маңызы.(Қазақ тілін дамыту ) | Наурыз | Әдіскер Тәрбиешілер Джаналакова Д Ескараева М |
5.4 Ата-аналарға арналған пункт жұмысы, кеңестер
қ/с | Тақырыбы | Ұйымдастырушылар | Уақыты | Жауаптылар |
1 | Балабақшаға баланың бейімделуі. | Тәрбиешілер, педагогтар | Үнемі | Әдіскер Тәрбиешілер |
2 | Балалардың сөйлеуін дамыту | Тәрбиешілер, педагогтар | Үнемі | Әдіскер Тәрбиешілер |
3 | -балаларды шынықтыру және сауықтыру үшін жағдайлар жасау | Үнемі | Әдіскер Медбике |
VI. Құқықтық – тәрбие іс жоспары
р/с | Мазмұны | Мерзімі | Жауапты |
1 | Саясаттану сабақ | Әр аптаның дүйсенбісі | Әдіскер Жумамбаева И |
2 | «Білім туралы» Заңын оқып таныстыру,үйрету және талдау | Қыркүйек | Әдіскер Жумамбаева И |
3 | Елбасының Жолдаулары мен Жарғылары (жыл сайын) | Қыркүйек | Әдіскер Жумамбаева И |
4 | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты . 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы | Жыл бойы | Әдіскер Жумамбаева И |
5 | ҚР „Тіл туралы“ заңы | Қаңтар | Әдіскер Жумамбаева И |
6 | «Еңбек кодексымен» қызметкерлерді таныстыру,талдау | Ақпан | Әдіскер Жумамбаева И |
7 | «Балалардың өмірін қорғау, денсаулығын сақтау, құқықтары туралы ережелер» | Наурыз | Әдіскер Жумамбаева И |
8 | ҚР заңдылық актілер негізінде педагогтардың әлеуметтік жағдайы | Сәуір | Әдіскер Жумамбаева И |
9 | Бала тәрбиесіндегі кейбір мәселелер | Мамыр | Әдіскер Жумамбаева И |
10 | Баланың құқығы туралы БҰҰ-ның конвенциясы | Маусым | Әдіскер Жумамбаева И |
VII. Әкімшілік-шаруашылық жұмыс.
№ | Жұмыс мазмұны | Мерзімі | Жауаптылар | Ескерту |
1 | Өндірістік жиналыс №1 1 .Бала өмірін қоргау мен денсаулығын сақтау бойынша нұсқау жүргізу. 2.Ата-аналарға арналған ақпараттык-көрнекілік көрмесі (ашылмалы папкалар т.б) 3.Ас блогының санитарлық талаптар мен ережелерге сәйкестігін тексеру.(шүғыл тексеру) | Қазан | Әдіскер Жумамбаева И Шаруашылық меңгерушісі: Иманбаев Ж | |
Өндірістік жиналыс №2 Күн тәртібіндегі мәселелер: 1 .Тәжірибелік сабақ «Өрт қауіпсіздігі ережелері»жөнінде жауаптыларды бекіту. 2.Оперативті тексеру корытындысы . Балалардың дұрыс тамақтаныуын ұйымдастыруда тамақ қалдықтарының болмауы .Дөңгелек үстел. | Қаңтар | Әдіскер Жумамбаева И Шаруашылық меңгерушісі: Иманбаев Ж | ||
Өндірістік хаттама №3 Күн тәртібіндегі мәселелер. 1 .Мед.қызметкердің жарты жылдықта жасалынған жұмыстарының қорытындысы. 2.Ас блогының санитарлық талаптар мен ережелерге сәйкестігін тексеру.(шүғыл тексеру) 3.Бала өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша нұсқау жүргізу. | Наурыз | Әдіскер Жумамбаева И Шаруашылық меңгерушісі: Иманбаев Ж | ||
Өндірістік хаттама№4 Күн тәртібінде: 1.Жедел тексеру.Еңбек қызметтерін үйымдастыру(Барлық топтар) 2.Топтардағы сауықтыру-шынықтыру жұмыстарының өткізілуін тексеру қорытындысы | Мамыр | Әдіскер Жумамбаева И Шаруашылық меңгерушісі: Иманбаев Ж |