17
февраль
2023
N2 Аспара ЖОББМ жанынан ашылған шағын орталықта "Қоршаған ортамен таныстыруда баланың "Мен"бейнесін қалыптастыру" тақырыбында мектепішілік семинар өткізілді.
N2 Аспара ЖОББМ жанынан ашылған шағын орталықта "Қоршаған ортамен таныстыруда баланың "Мен"бейнесін қалыптастыру" тақырыбында мектепішілік семинар өткізілді.Мақсаты: мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту үрдісінде, еңбекке баулу .Семинар салтанатты түрде ашылып,алғы сөз мектеп директоры Мамырбаев Бауыржан Қырықбайұлына берілді.Музыка жетекшісінің сүйемелденуімен аспаптар оркесторы құрылып"Көңілді әуен"сазы орындалды.Тәрбиеші Есқараева Мақпал Жұмаханқызы "Достық қымбат бәрінен" атты қуыршақ театрын көрсетті.Балалар ертегідегі кейіпкерлерді сомдап, бір -бірімен әрқашан тату,дос болуды көрсетті.Балабақша әдіскері Жұмамбаева Индира Қасқырбекқызы келген қонақтармен "Ынтымақтастық " тақырыбында көңілді,әсерлі тренинг өткізді.Шығармашылық білім беру саласы бойынша Турлугулова Фарида Жарылқасынқызы дәстүрден тыс сурет салу әдісі бойынша "Балықтар"тақырыбында оқу қызметін өткізді.Балаларды еңбекке баулуға,өз ісіне ұқыптылықпен қарауға,қоршаған ортаға қамқор болуға "Жасыл алқап"тақырыбында Джаналакова Ұлдана Рысбекқызы еңбек сабағын өткізді.Семинарды қорытындылай келе тәрбиешілердің атқарып жатқан жұмыстарына ,тәрбиеленушілердің озаттылығына жақсы деген баға берілді.
