Түлектерден тарту
1 қыркүйек күні пайдалануға берілген мектептің жаңа ғимаратындағы математика пәнінің оқу кабинетіне 1994 жылы туған, осы мектепті бітірген жомарт түлектер атынан терезеге ролл штор алынып берілді. Жомарттық жасап, кейінгіге үлгі бола білген шәкірттерге мектеп ұстаздарының айтар алғысы шексіз.