
"Шынықсаң -шымыр боласың" тақырыбында "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінің балаларымен іс-шара өткізілді. Денсаулық-адамның ең үлкен байлығы. Ал денсаулықты сақтау үшін күнделікті қозғалыс пен дене шынықтыру өте маңызды. "Қыран тобы", "Балдырған тобы" болып балалар арқан тартысып, өз күштерін көрсетіп нәтижеге жетті. "Кім жылдам?" ойыны ойнатылды, яғни қақпаға допты бірінші болып салған бала жеңіске жетеді. Балалар белсене жарыса қатысты.Мақсаты: Балаларға дене шынықтырудың маңызын түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу, қозғалыс белсенділігін арттыру. Жауапкершілік пен өз денсаулығына ұқыптылыққа баулу. Жетекшісі: Абдинов Д.