
№2 Аспара жоббм-де балалардың көңіл-күйін көтеру, есте сақтау қабілетін арттыру және қимыл қозғалысын үйлестіру мақсатында "Айгөлек" жазғы лагерінде "I love danking" тақырыбында нейро-жаттығу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар экрандағы би қимылдарын қайталап, ырғақ пен музыкалық әуен арқылы дене қимылдарын үйлестіруге тырысты. Бұл жаттығу балалардың топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, есте сақтау мен зейінді арттыруға оң әсер етті.Мақсаты: Балалардың дене қозғалысын, есте сақтау және зейін қабілеттерін дамыту, бір-біріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Жетекшісі: Әбдықадыр С.