
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде балаларға "Time kino" атты қызықты кино сағаты ұйымдастырылды. Балалар түрлі тәрбиелік мәні бар анимациялық фильмдерді тамашалап, экрандағы оқиғалар арқылы жақсы мен жаманды ажырату,достық пен мейірімділік секілді құндылықтарды ұғынды. Іс-шара соңында балалар өз ойларымен бөлісіп, кейіпкерлердің әрекеттеріне талдау жасады. Бұл шара балалардың ой-өрісін кеңейтіп, кино арқылы тәрбие алуға ықпал етті. Жетекшісі: Әбдықадыр С.