"Төрт тоқсан-төрт өнер" Ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясы
№2 Аспара ЖОББМ ұстаздар қауымы отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында "Отбасы - тәрбиенің алтын бесігі" челленджін ұйымдастырды. Отбасылық құндылықтарды сақтау мен дамытуды тек қана мемлекеттік бағдарламаларға сүйенбей, ұлттық мүддені биік қоятын әрбір отбасы, әрбір азамат өзінің парызы ретінде санауы керек. Әрбір отбасында өскен тәрбиелі, білімді ұрпағымыз еліміздің ертеңгі өмірінің қандай болатынының кепілі. 5 "ә" сыныбында С.Абдықадыр, 6 "ә" сыныбында А.Касимова "Толағай ақын,