Материалы за 16.04.2025 » СШ№2 Аспара
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-50-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-50-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 16.04.2025
"Сенімділік күш береді" тренинг
16
апрель
2025
"Сенімділік күш береді" тренинг
№2 Аспара жоббм-де оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған көктемгі айлық барысынды 16.04.2025 жылы "Сенімділік күш береді" тренинг оқушылар арасында өткізілді. Мақсаты: оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру,қиындықтарды жеңуге қабілеттерін дамыту және өмірде алға қойған мақсаттарына жету үшін ішкі күштерін пайдалану. Мектеп психологы: Мамырбаева З.Б
"Бірлік пен бейбітшілік рәміздері" тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды
16
апрель
2025
"Бірлік пен бейбітшілік рәміздері" тақырыбында тәрбие сағаты
№2 Аспара ЖОББМ Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау бойынша іс-шаралар жоспарына сай "Бірлік пен бейбітшілік рәміздері" тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға бейбітшілік пен татулықтың маңызын түсіндіру, ұлттық бірлік пен келісімді нығайту, қоғамдағы жарасымдылықты дәріптеу.  Тәрбие сағаты барысында рәміздеріміздің бейбіт өмір мен ел бірлігін бейнелейтін мағынасы кеңінен талқыланып, оқушылар белсенді пікір алмасты.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері және оның шығу тарихы" танымдық сағаты өтті
16
апрель
2025
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері және оның шығу
№2 Аспара ЖОББМ Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау бойынша іс-шаралар жоспарына сай "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері және оның шығу тарихы" тақырыптарында танымдық сағаты өтті. Танымдық сағаты барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұранының мәні мен мағынасы, шығу тарихы туралы мағлұмат беріліп, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмыстары жүргізілді.
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы
16
апрель
2025
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының
             Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия мүшелері 16 сәуір   күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізді.  Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, дайын өнімнің сапасы, күнделікті мәзірдің перспективалық ас мәзіріне сәйкестігі, ауыз су режимінің ұйымдастырылуы, өнімдерді сақтау шарттарының сақталуы, ас блогының жай күйі, тауар көршілестігінің сақталу жайы қаралды.  Нәтижесінде қоймалардың, ет, көкөніс, ұн, нан цехтарының санитариялық жай-күйі анықталды.