"Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы" тақырыбында тарихи сағаттар өтті
Мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» тақырыбында тарихи сағаттар ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихын таныту, ата-баба ерлігі мен елдік рухын дәріптеу, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Сынып жетекшілер тарихи сағаттар барысында Тәуелсіздік жылдарындағы елдің жетістіктері мен тарихи оқиғаларға тоқталып, деректі фильмдер мен фотоматериалдар көрсетті. Сонымен қатар, оқушылар өз