AI МҰҒАЛІМ
“AI МҰҒАЛІМ” ҚАДАМЫ Мақсаты: Педагогтердің кәсіби цифрлық мәдениетін қалыптастыру және AI құралдарын сабақ үрдісінде қолдану дағдыларын жетілдіру. Стратегиялық міндеттер: • Мұғалімдерді AI-мен жұмыс істеудің базалық және кеңейтілген дағдыларына үйрету. • AI негізіндегі сабақ жоспарлау, саралау, бағалау құралдарын жүйелі түрде қолдануға жағдай жасау. • Мұғалімдерге арналған AI тренингтер, курстар мен шығармашылық зертханалар ұйымдастыру. • Мектеп ішінде AI-практиктер қауымдастығын қалыптастыру.