2026 жылғы 13-16 қаңтар аралығында #2 Аспара жалпы білім беретін мектебінде алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні аясында «Әскери дағдылар апталығы» өткізілді » СШ№2 Аспара
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-50-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-50-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2026 жылғы 13-16 қаңтар аралығында #2 Аспара жалпы білім беретін мектебінде алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні аясында «Әскери дағдылар апталығы» өткізілді
14
январь
2026

2026 жылғы 13-16 қаңтар аралығында #2 Аспара жалпы білім беретін мектебінде алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні аясында «Әскери дағдылар апталығы» өткізілді

2026 жылғы 13-16 қаңтар аралығында  #2 Аспара  жалпы білім беретін мектебінде алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні аясында «Әскери дағдылар апталығы» өткізілді.
Апталықтың мақсаты – білім алушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайту, алғашқы көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру, саптық дайындық бойынша теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру.
Апталық жоспарына сәйкес 10–11 сынып оқушыларымен төмендегі іс-шаралар ұйымдастырылды:
Алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық сабақтар (жарақат алу, қан кету, есінен тану кезіндегі әрекеттер);
Саптық дайындық: саптық тұрыс, бір орында және қозғалыста бұрылу, саппен жүру элементтері;
Әскери тәртіп пен жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары;
Қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша нұсқаулықтар.
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, алғашқы көмек көрсету тәсілдерін тәжірибе жүзінде орындады. Саптық дайындық кезінде оқушылардың ұйымшылдығы мен тәртіптілігі артқаны байқалды.
Әскери дағдылар апталығы өз мақсатына жетіп, оқушылардың әскери дайындыққа деген қызығушылығын арттырды.
Жауапты пән мұғалімі:  Иргебаев А.С.
Лауазымы: АӘТД пәні мұғалімі
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив