2026 жылғы 13-16 қаңтар аралығында #2 Аспара жалпы білім беретін
2026 жылғы 13-16 қаңтар аралығында #2 Аспара жалпы білім беретін мектебінде алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні аясында «Әскери дағдылар апталығы» өткізілді. Апталықтың мақсаты – білім алушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайту, алғашқы көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру, саптық дайындық бойынша теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру. Апталық жоспарына сәйкес 10–11 сынып оқушыларымен төмендегі іс-шаралар ұйымдастырылды: Алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық