
2025 жылдың қыркүйек айында мектебімізде ата-аналарға арналған жалпы жиналыс өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты-оқушылар арасында жиі кездесетін буллингтің (қорқыту, мазақтау, психологиялық қысым көрсету) алдын алу, ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты күшейту болды. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, әлеуметтік педагог, психолог және ата-аналар қатысты. Буллинг ұғымы, оның түрлері және бала психологиясына тигізетін зияны жөнінде баяндама жасалды. Мектеп психологы: "Саналы ата-ана" тақырыбында ата-аналармен "кейс" жүргізіп, жағдаяттарды шешіп,ата-аналармен бірге талдап, ойларын тыңдады. Соңында психологиялық кеңестер жүргізіп, шешімімен бөлісті. Буллинг жағдайында ата-аналардың әрекет ету жолдары, балаларға дұрыс бағыт-бағдар беру тәсілдерін талқылады. Ата-аналарға баламен ашық әңгімелесу, психологиялық қолдау көрсету және кез келген мәселені бірлесіп шешудің маңызын түсіндірді.