26
июнь
2025
"Жаз бояулары" сурет байқауы
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерьіндегі балалармен "Жаз бояулары" тақырыбында сурет байқауы болды. Бұл балалардың жазғы демалыс уақытын көңілді әрі мазмұнды өткізулеріне бағытталған танымдық әрі шығармашылық іс-шара. Балалар жаз мезгілінің әсемдігін өз көздерімен көріп, түрлі боялармен бейнелеп, табиғатпен етене жақын танысады. Іс-шара барысында балалар сурет салып, өлең оқып, көңілді ойындар ойнап, жаз туралы өз ойларымен бөлісті. Әр бала өзіне ұнаған жазғы түсті таңдап, сол арқылы ішкі эмоциясын білдіруге мүмкіндік алды. Бұл-балалардың өзін-өзі еркін көрсетуіне, шығармашылық қабілетін ашуға және өзара достық қарым-қатынасын нығайтуға үлкен септігін тигізді. Мақсаты: Балалардың жаз мезгіліне деген жағымды көзқарасын қалыптастыру, табиғат пен маусымдық өзгерістерді қабылдау қабілетін арттыру. Эстетикалық талғамын, шығармашылық ойлауын дамыту және жазғы демалыстан жағымды эмоция алуына жағдай жасау. Топ жетекшілері: Жаксалыкова Д, Қалжанова М.