
2025 жылдың 10 қыркүйек күні №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебі " Отбасы күніне" орай мектеп психологтарының ұйымдастыруымен ата-аналарға арналған танымдық тәрбие мәселелеріндегі педагогикалық сауаттылығын арттыру мақсатында "Саналы ата-ана" тақырыбында кездесулер өткізілді. Ата-аналарға психологиялық кеңестер жүргізіліп, жадынамалар таратылды.
Бала тәрбиесі- үлкен жауапкершілік пен сабырлықты қажет ететін қасиетті міндет. Әрбір ата-ана үшін баланың бақытты, дені сау, білімді және мейірімді болып өсуі -басты мақсат.