"Аяулы қамқоршыма"
№2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 24 қазан күні көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Малдыбаева С. және Касимова А. ұйымдастыруымен «Аяулы қамқоршыма» тақырыбында қолөнер жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың қамқоршы тұлғаларға деген құрметін арттыру, еңбекке баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және отбасы құндылықтарын насихаттау.