Дәрумендер-денсаулық кепілі
"Дәрумендер-денсаулық кепілі" тақырыбында 2023 жылдың 30 қаңтар күні 3"ә" сынып жетекшісі Н.Джунисова танымдық сағатын өткізді. Оқушыларға әр түрлі көкөністер, жеміс-жидектер мен тағамдардың құрамында өздеріне тән ерекше дәрумендері болатындығы туралы мәлімет берілді. Ағзамызда дәрумендер жетіспеген уақытта қажетті көкөніс немесе тағамды пайдалану арқылы ағзамызды дәрумендермен байыта алатынымызды түсіндіріп өтті.