Мектептік тамақтандыру » Страница 46 » СШ№2 Аспара
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-50-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-50-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тамақтану сапасы бойынша мектеп оқушыларынан алынған сауалнама қорытындысы
06
октябрь
2023
Тамақтану сапасы бойынша мектеп оқушыларынан алынған сауалнама
6 қазан 3-4, 5-11 сынып оқушыларынан тамақтандыру бойынша сауалнама алынды. Сауалнамаға 56 оқушы қатысты. Нәтижесінде сауалнамаға қатысқан оқушылардың барлығының тамақ сапасы мен асхана қызметіне, тамақтану кестесіне  көңілдері толатындығы белгілі болды. 
Ашық есік күні
02
октябрь
2023
Ашық есік күні
2 қазан мен 6 қазан аралығында мектептегі бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған  оқушылардың ата-аналарына «Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі» тақырыбындағы ашық есік күндері ұйымдастырылуда. Мақсаты: Мектеп оқушыларының бір мезгіл ыстық тамақпен тамақтандыру жұмысымен таныстыру, дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына тигізер әсері туралы мәлімет беру, ата-аналарды мектеп жұмысына белсене араласуға шақыру.  2 қазан күні 4а сыныптың ата-аналары келіп, оқушылардың тамақтану мәзірімен танысты. 
"Адам ағзасына зиянды тағамдар туралы не білеміз?" тақырыбындағы танымдық сабақ
29
сентябрь
2023
"Адам ағзасына зиянды тағамдар туралы не білеміз?" тақырыбындағы
№2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 29  қыркүйек күні мектеп медбикесі Р.Абдрахманова "Адам ағзасына зиянды тағамдар туралы не білеміз?" тақырыбында 7- сынып оқушыларына танымдық сабақ өткізді. Адам ағзасына зиянды тағамдар және олардың адам ағзасына туғызатын аурулары туралы түсіндіріп берді. Оқушылар тақырып аясында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ойларын ортаға салды.