Түлек kz » СШ№2 Аспара
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-50-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-50-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Түлек kz
Түлектерден тарту
13
сентябрь
2024
Түлектерден тарту
          1 қыркүйек күні пайдалануға берілген мектептің жаңа ғимаратындағы математика пәнінің оқу кабинетіне 1994 жылы туған, осы мектепті бітірген жомарт түлектер атынан терезеге ролл штор алынып берілді. Жомарттық жасап, кейінгіге үлгі бола білген шәкірттерге мектеп ұстаздарының айтар алғысы шексіз.  
"Жомарт түлек" жобасы аясында
01
сентябрь
2024
"Жомарт түлек" жобасы аясында
    "Жомарт түлек" жобасы аясында биылғы жылы мектеп бітіргеніне 45 жыл толған түлектер атынан мектеп дәліздеріне арнап бөлме гүлдері тарту етілді. Сонымен қатар, педагогикалық ұжымның, мектеп оқушыларының топтық жұмысын ұйымдастыру үшін дөңгелек үстелдер алып берді. Өздері оқыған мектепке келіп, бүгінгі білім беру ортасын қалыптасыруға қосқан үлестері үшін мектебіміздің 1979 жылғы түлектеріне шын жүректен алғыс айтамыз. 
Жақсылық жасап жарысайық !
01
сентябрь
2024
Жақсылық жасап жарысайық !
            №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінің жаңа ғимараты 1 қыркүйек күні пайдалануға берілді. Мектептің ашылуына салтанатты жиын өткізілді. Келген қонақтар, ата-аналар, оқушылардың салтанатты жиында қолайлы болуы үшін демеушілер атынан 6 шатыр алынды. Демеушілік жасаған:  Мұратбеков Қайрат Тлеукешұлы мен Алмабаев Қалдыбай Сәтінұлына,  Көбелеков Медет, Жайлыбаев Жандос, Базилов Ұлан, Дүйсеналы Еркебұлан.  Игі іс жасап, жомарттық танытқан жандарға мектеп атынан алғыс білдіреміз!
Көктем  келіп,  жер  дүние  жаңарып ,  тіршілік  түлеп  жатқан  тұста  №2  Аспара   жалпы   орта  білім  беретін  мектебінің   2002 жылғы   түлектері ,  мектеп   ауласына  40  түп  алма   ағашын   отырғызды.
05
апрель
2022
Көктем келіп, жер дүние жаңарып , тіршілік түлеп жатқан тұста
Көктем  келіп,  жер  дүние  жаңарып ,  тіршілік  түлеп  жатқан  тұста  №2  Аспара   жалпы   орта  білім  беретін  мектебінің   2002 жылғы   түлектері ,  мектеп   ауласына  40  түп  алма   ағашын   отырғызды.  Демеушілік  жасаған  түлектерге  алғыс  білдіреміз.
Кітап оқу –  тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс. Нақтырақ айтқанда, бұл процесс ойлау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорды ұлғайтады және сөйлеу мәдениетін дамытып, ми белсенділігін жақсартады.
04
февраль
2022
Кітап оқу – тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте
Кітап оқу –  тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс. Нақтырақ айтқанда, бұл процесс ойлау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорды ұлғайтады және сөйлеу мәдениетін дамытып, ми белсенділігін жақсартады. Оқушы бойындағы шығармашылыққа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында мектебіміздің  2002 жылғы түлектері  мектеп оқушыларына арнап  56 дана әлем әдебиеті мен дәстүрлі қазақ мәдениетін дәріптейтін оқулықтар  тарту етті. Жомарт түлектерімізге  баға жетпес сыйлығы үшін алғысымыз
Мектеп түлегімен кездесу
19
март
2021
Мектеп түлегімен кездесу
19.03.2021 жыл күні №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында оқушылардың бойында ұлттық құндылықты дарыту мақсатында мектебіміздің 1992 жылғы түлегі Қазақстан Республикасының  Ақпарат және  қоғамдық даму министрлігінің  "Рухани жаңғыру" бағдарламасының үйлестіру департаменті  Қоғамдық коммуникацияларды дамыту басқармасының басшысы Сванбаева Ақмарал Бегенқызмен кездесу өтті.
№ 2  Аспара жалпы білім беретін мектебінде Ұрпақтар сабақтастығы тақырыбында кездесу өтті.
11
март
2020
№ 2 Аспара жалпы білім беретін мектебінде Ұрпақтар сабақтастығы
Іс шараға  1991 жылғының түлегі Жамбыл облысы ,Тараз қаласы Ш,Уалиханов атындағы  Жамбыл облыстық әмбебеап  ғылыми кітапханасы  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Абдинова Эльмира Елеусизовнамен кездесу кеші өткізілді.Кеште 5-11 сынып оқушылары ,сынып жетекшілері қатысты.Кеш  мектеп оқушыларының концерттік сұқбатпен жалғасты.