А.Асқаров атындағы “Меркі көпсалалы колледжі” мекемесінің маманы
№2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру үшін, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында А.Асқаров атындағы “Меркі көпсалалы колледжі” мекемесінің есеп және аудит мамандығы бойынша пән маманы Ф.А.Кадыровамен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында колледж түлектерінің жетістіктері туралы ақпараттармен бөлісіп, оқу орнына түсу үшін қойылатын талаптар , оқудағы жеңілдіктер мен түлектерді еңбекке орналастыру тәртібімен таныстырды.