27
февраль
2025
Мектебімізге демеушілік жасап қолдау көрсетіп жандарға 1-наурыз "Айғыс айту" күніне орай "Алғыс айту - парызым!" атты іс-шара өтті
№2 Аспара ЖОББМ 1- наурыз "Алғыс айту" күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сай "Алғыс айту - парызым" тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Алғыс айту күні қазақ халқының қонақжайлылығы, достыққа деген құрметі мен әртүрлі этникалық топтар арасындағы бірлікті дәріптейді. Бұл күннің маңызы ерекше, себебі ол қоғамдағы ынтымақтастық пен татулықты нығайтуға көмектеседі. Іс-шараға мектепке демеушілік көрсеткен жандарды шақырып мектеп ұжымы алғыс білдірді. Мұндай көмек оқушылардың оқу жағдайын жақсартуға, мектептің тиімді жұмысын қамтамасыз етуге және түрлі шараларды ұйымдастыруға ықпал етеді.


