Материалы за Апрель 2025 года » Страница 5 » СШ№2 Аспара
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-50-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-50-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Апрель 2025 года » Страница 5
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
17
апрель
2025
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
17 сәуір күні 11-сынып оқушылары және ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында төмендегідей мәселелер қаралды:   📍ҰБТ қорытындысы (наурыз)      📍Мемлекеттік емтиханды ұйымдастыру және өткізу      📍 "Мамандықты дұрыс таңдау- баланың бақытты болу кепілі"     Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М. Мусаева  наурыз айында тапсырған ҰБТ қорытындысына  қаңтар айындағы ҰБТ нәтижесімен салыстырмалы талдау жасап, әр оқушының жеке нәтижесіне тоқталды.  Қорытынды аттестаттау емтихандары,
"Бауырсақ" ертегісі
17
апрель
2025
"Бауырсақ" ертегісі
Бауырсақ ертегісі: Мақсаты: Балалардың ертегіге  қызығушылығын  ояту ойын еркін жеткізуге баулу,ертегі кейіпкерлерін рольдерге бөліп сахналау,қиялын шыңдау. Бауырсақ ертегісінің қойылымын көрсету арқылы балалардың танымдық белсенділігін арттыру. Балаларды кішіпейілділікке, мейірімділікке өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға,  бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.
"Таза Қазақстан" акциясы аясында "Түлектердің ағаш егуі" экочелленджі ұйымдастырылды.
17
апрель
2025
"Таза Қазақстан" акциясы аясында "Түлектердің ағаш егуі" экочелленджі
№2 Аспара ЖОББМ "TazaLike" FEST салтанатты іс-шараларын өткізу бойынша Жол картасының 21 тармағына сәйкес  "Түлектердің ағаш егуі" экочелленджі ұйымдастырылды. Экочеллендж мақсаты: – Табиғатты қорғауға үлес қосу;   – Экологиялық мәдениетті қалыптастыру;   – Түлектердің мектепке деген алғысын білдіруі;   – Жасыл аймақты көбейту, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
"Мен өз құқығымды білемін" пікірсайыс ұйымдастырылды
17
апрель
2025
"Мен өз құқығымды білемін" пікірсайыс ұйымдастырылды
№2 Аспара ЖОББМ Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай  іс-шаралар жоспарына сай 9-10 сынып оқушылары арасында "Мен өз құқығымды білемін" пікірсайыс ұйымдастырылды. Пікірсайыс барысында оқушылар өз құқықтары мен міндеттері жайында тереңірек мағлұмат алып, құқықтық сауаттылықтарын арттырды. Іс-шара оқушылардың ойлау, сөйлеу мәдениетін дамытуға және өз көзқарасын еркін жеткізе білу қабілетін қалыптастыруға бағытталған.
"Sport Day!" тақырыбындағы шетел тілі пәнінен сабақты зерттеу
17
апрель
2025
"Sport Day!" тақырыбындағы шетел тілі пәнінен сабақты зерттеу
16 сәуір күні 5 сыныптардағы сабақты зерттеудің ІІ циклының сабағы шетел тілі пәні бойынша өткізілді. Пән мұғалімі Д. Масагутова. Сабаққа бақылаушы педагогтер қатысып, жүргізілген жұмыстардың тиімділігін бақылады. Сабақ соңында оқушылармен сұхбат жүргізілді. Сабақтан соң фокус топ мүшелері сабақтың нәтижеллілігі туралы талдау жасады. 
"Жүрек жылуы" тақырыбында ата-аналарға арналған семинар-тренинг.
17
апрель
2025
"Жүрек жылуы" тақырыбында ата-аналарға арналған семинар-тренинг.
№2 Аспара ЖОББМ-де 17.04.2025 жылы оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған көктемгі айлық барысында «Жүрек жылуы»  тақырыбында ата-аналарға арналған семинар-тренинг өткізілді. Мақсаты: Ата-аналар баланың эмоциялық және психологиялық дамуына қолдау көрсету жолдарын үйрету, жүрек жылуын, мейірімділік пен түсіністікті арттыру арқылы отбасылық қарым-қатынасты нығайту. Мектеп психологы: Мамырбаева З. Б
"Сенімділік күш береді" тренинг
16
апрель
2025
"Сенімділік күш береді" тренинг
№2 Аспара жоббм-де оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған көктемгі айлық барысынды 16.04.2025 жылы "Сенімділік күш береді" тренинг оқушылар арасында өткізілді. Мақсаты: оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру,қиындықтарды жеңуге қабілеттерін дамыту және өмірде алға қойған мақсаттарына жету үшін ішкі күштерін пайдалану. Мектеп психологы: Мамырбаева З.Б
"Бірлік пен бейбітшілік рәміздері" тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды
16
апрель
2025
"Бірлік пен бейбітшілік рәміздері" тақырыбында тәрбие сағаты
№2 Аспара ЖОББМ Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау бойынша іс-шаралар жоспарына сай "Бірлік пен бейбітшілік рәміздері" тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға бейбітшілік пен татулықтың маңызын түсіндіру, ұлттық бірлік пен келісімді нығайту, қоғамдағы жарасымдылықты дәріптеу.  Тәрбие сағаты барысында рәміздеріміздің бейбіт өмір мен ел бірлігін бейнелейтін мағынасы кеңінен талқыланып, оқушылар белсенді пікір алмасты.