17
апрель
2025
"Мен өз құқығымды білемін" пікірсайыс ұйымдастырылды
№2 Аспара ЖОББМ Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай іс-шаралар жоспарына сай 9-10 сынып оқушылары арасында "Мен өз құқығымды білемін" пікірсайыс ұйымдастырылды. Пікірсайыс барысында оқушылар өз құқықтары мен міндеттері жайында тереңірек мағлұмат алып, құқықтық сауаттылықтарын арттырды. Іс-шара оқушылардың ойлау, сөйлеу мәдениетін дамытуға және өз көзқарасын еркін жеткізе білу қабілетін қалыптастыруға бағытталған.
