Материалы за Июнь 2025 года » СШ№2 Аспара
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-50-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-50-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Июнь 2025 года
"Шынықсаң- шымыр боласың" іс-шара
05
июнь
2025
"Шынықсаң- шымыр боласың" іс-шара
"Шынықсаң -шымыр боласың" тақырыбында "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінің балаларымен іс-шара өткізілді. Денсаулық-адамның ең үлкен байлығы. Ал денсаулықты сақтау үшін күнделікті қозғалыс пен дене шынықтыру өте маңызды. "Қыран тобы", "Балдырған тобы" болып балалар арқан тартысып, өз күштерін көрсетіп нәтижеге жетті. "Кім жылдам?" ойыны ойнатылды, яғни қақпаға допты бірінші болып салған бала жеңіске жетеді. Балалар белсене жарыса қатысты.Мақсаты: Балаларға дене шынықтырудың маңызын түсіндіру.
"Жаңбыр" Сергіту жаттығуы
05
июнь
2025
"Жаңбыр" Сергіту жаттығуы
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде "Балдырған" тобымен "Жаңбыр" сергіту жаттығуы өткізілді. Бұл сергіту ойыны арқылы балалар табиғат құбылыстарын дене қимылы арқылы бейнелейді. Қарапайым қимылдар мен ойын элементтері арқылы балалардың қиялы дамып, денелері сергіп, көңіл-күйі көтеріледі. Мақсаты: Қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, табиғатты тануға қызығушылықтарын ояту, есту және елестету қабілетін жетілдіру, шаршауды басу, күнделікті белсенділіктерін арттыру. Мектеп психологы: Мамырбаева З.Б
"Түскі ас"
05
июнь
2025
"Түскі ас"
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде балаларға "Түскі астары" күнделікті беріліп отырады.  11.00-де түскі астарын уақтылы дайындайды. Бұл уақытта балалар ыстық тағам ішіп, денесіне қажетті дәрумендермен күш алады.  Ас ішпестен бұрын қолдарын жуу жөнінде тәрбиешілер ескертіп отырады. Мектеп Медбикесі Абдырахманова Р. арнайы асхананың тазалығын тексеріп, тағамдардың сапалы болуларын ескертеді. Балалар тағамдарын тауысып, жақсы көңіл-күймен үйлеріне тарқасады.Мақсаты: Балаларға түскі астың маңызын
" Film time" бейне баян көрсету.
05
июнь
2025
" Film time" бейне баян көрсету.
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде балаларға "Time kino" атты қызықты кино сағаты ұйымдастырылды. Балалар түрлі тәрбиелік мәні бар анимациялық фильмдерді тамашалап, экрандағы оқиғалар арқылы жақсы мен жаманды ажырату,достық пен мейірімділік секілді құндылықтарды ұғынды. Іс-шара соңында балалар өз ойларымен бөлісіп, кейіпкерлердің әрекеттеріне талдау жасады. Бұл шара балалардың ой-өрісін кеңейтіп, кино арқылы тәрбие алуға ықпал етті. Жетекшісі: Әбдықадыр С.
"Түрлі -түсті табиғат" арт-терапия
04
июнь
2025
"Түрлі -түсті табиғат" арт-терапия
04.06.2025ж  жазғы сауықтыру лагерінде балаларға  "Түрлі-түсті табиғат" арт-терапиясы  жүргізілді. Балалар екі топқа бөлініп, әдемі табиғатты қиялдарымен әсемдеуге кірісті. Мақсаты: Балалардың ішкі жан дүниесін ашу, эмоционалдық күйін реттеу, табиғат арқылы тынығу мен шабыт алу дағдыларын қалыптастыру, түстерді сезіну арқылы өз ойын шығармашылықпен жеткізуге мүмкіндік беру. Мектеп психологы:  Мамырбаева З.Б
Мемлекеттік гимнді орындау
04
июнь
2025
Мемлекеттік гимнді орындау
Мемлекттік рәміздер күні мерекесіне орай, Мемлекеттік Гимні орындалды.
"I Love danking" нейро жаттығу
04
июнь
2025
"I Love danking" нейро жаттығу
№2 Аспара жоббм-де  балалардың көңіл-күйін көтеру, есте сақтау қабілетін арттыру және қимыл қозғалысын үйлестіру мақсатында "Айгөлек" жазғы лагерінде "I love danking" тақырыбында нейро-жаттығу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар экрандағы би қимылдарын қайталап, ырғақ пен музыкалық әуен арқылы дене қимылдарын үйлестіруге тырысты. Бұл жаттығу балалардың топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, есте сақтау мен зейінді арттыруға оң әсер етті.Мақсаты: Балалардың дене қозғалысын, есте сақтау