
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде "Балдырған" тобымен "Жаңбыр" сергіту жаттығуы өткізілді. Бұл сергіту ойыны арқылы балалар табиғат құбылыстарын дене қимылы арқылы бейнелейді. Қарапайым қимылдар мен ойын элементтері арқылы балалардың қиялы дамып, денелері сергіп, көңіл-күйі көтеріледі. Мақсаты: Қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, табиғатты тануға қызығушылықтарын ояту, есту және елестету қабілетін жетілдіру, шаршауды басу, күнделікті белсенділіктерін арттыру. Мектеп психологы: Мамырбаева З.Б