"Таңғы жаттығу"
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты, балалардың "таңғы жаттығуымен" басталды. Барлық балалар көңілді әуенмен тербеле денелерін шынықтырып, бойларына күш жинады. Таңертеңгі жаттығу жасау, серуендеу , спортпен айналысу - денсаулыққа өте пайдалы екенін балалар ұғынды, олардың бойы сергек, көңіл-күйі жақсы болғаны байқалды. Мақсаты: Балаларға жаттығу арқылы бойларын сергіту, денсаулықтың пайдасын дәріптеу. Жетекшісі: Абдинов Д.