
№2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде «Айгөлек» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті. Балалар ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Жиында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Орымбетова Ә. сөз сөйлеп, балаларға ізгі-тілегін білдірді. Лагер басшысы: Жазира Бекенбайқызына сөз берілді. Сонымен қатар, мектеп медбикесі балаларға қауіпсіздік шараларын мұқият сақтаулары жөнінде мағлұмат беріп өтті. Мектеп психологы: Мамырбаева Замира Бекенбайкызы, жас ерекшелігі әртүрлі балаларды бір-бірімен таныстырып, оларға«Танысу» тренингін өткізді. Мақсаты: Балаларға «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсету, достықтарын нығайту, бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге үйрету.