Кәсіби бағдар » Страница 2 » СШ№2 Аспара
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-50-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-50-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ШЕБЕР ҚОЛДАР" челленджі
10
февраль
2025
"ШЕБЕР ҚОЛДАР" челленджі
"Жұмысшы мамандықтар жылына" орай, білім беру ұйымдарында оқушылар арасында ұйымдастырылған "Шебер қолдар" бейнероликтер челленджін N20 Т.Рықұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінен №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебі қабылдап, Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебіне жолдайды.
КЕЗДЕСУ
10
февраль
2025
КЕЗДЕСУ
10.02.2025ж. №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде ALT педколледжінің оқытушылары Қ.Қозығалиев, Б.Абдуап және ALT университетінің студенттері А.Темиргалиев пен Ә.Жансейіт 9-11 сынып білім алушыларымен  кездесу ұйымдастырылып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.   Мақсаты: білім алушыларға кәсіби бағдар беру бойынша оқу орындарынан мамандықтар таңдауға кеңес беру, болашақта қажетті мамандықтар таңдауға қызығушылықтарын арттыру.     Кездесу барысында университеттің , колледждің білім беру
"МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ БОЛАШАҚ МАМАНДЫҒЫМ"  сурет байқауы
07
февраль
2025
"МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ БОЛАШАҚ МАМАНДЫҒЫМ" сурет байқауы
Мектебімізде “Мамандық таңдау - болашаққа нық қадам” атты онкүндігінің  жоспарына сәйкес  2,3,4 сынып білім алушыларының арасында            «Мен және менің болашақ мамандығым»   тақырыбына сурет байқауы ұйымдастырылды. Сурет салып өздерін болашақта кім болғысы келетіндіктері жайлы сурет арқылы көрсетулерін  және келешекте өзін  қандай мамандық иесі ретінде көретіндіктерін салулары ұсынылды.                 Мақсаты:  мамандықтар туралы түсінік беру. Білім алушылардың  болашақта қандай маман
“Өзіңе де, өзгеге де қуаныш сыйлайтын еңбек”  сынып сағаты
07
февраль
2025
“Өзіңе де, өзгеге де қуаныш сыйлайтын еңбек” сынып сағаты
“2025 жыл - Жұмысшы мамандықтар жылына” орай N2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар бағыты бойынша  “Мамандық таңдау - болашаққа нық қадам” атты онкүндік аясында 8 - сынып жетекшілері  Э.Адилханова мен Д.Масагутова “Өзіңе де, өзгеге де қуаныш сыйлайтын еңбек” тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты:  ✍️оқушыларға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру ✍️оқушыларды адал еңбекке баулу ✍️адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге
“Мамандықтар әлемі”  сынып сағаты
06
февраль
2025
“Мамандықтар әлемі” сынып сағаты
N2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар беру бағыты бойынша  “Мамандық таңдау - болашаққа нық қадам” атты онкүндік аясында 4 - сынып жетекшісі Н.Джунусова “Мамандықтар әлемі” тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты:  ♦️ Балаларға әртүрлі мамандықтар туралы түсінік беру ♦️ Оқушыларды мамандық таңдай білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
"БІЗ ТАҢДАҒАН ЖОЛДАР"  кітап көрмесі
05
февраль
2025
"БІЗ ТАҢДАҒАН ЖОЛДАР" кітап көрмесі
N2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде  “Мамандық таңдау - болашаққа нық қадам”  онкүндік аясында “Біз таңдаған жолдар” тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. 📍Көрмеге саяхат барысында қазақ тарихындағы ұлы адамдардың өмір жолымен, олардың еңбектерімен таныстырылды.  📍Тарихи тұлғалардың атқарған қызметтері туралы мағлұмат беру арқылы олар таңдаған мамандықтың маңызы түсіндірілді.
"МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ-БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ" ОНКҮНДІГІНІҢ АШЫЛУЫ
03
февраль
2025
"МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ-БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ" ОНКҮНДІГІНІҢ АШЫЛУЫ
“2025 жыл - Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялануына байланысты  оқушыларды еңбекке баулып, әр мамандықтың өзіне тән ерекшелігін насихаттау мақсатында "Мамандық таңдау-болашаққа нық қадам" тақырыбында онкүндік ұйымдастырылды. Онкүндіктің ашылуындағы лездемеде іс-шара жоспарымен, ұйымдастырылатын шаралардың бағытымен таныстырылды.
СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ
10
январь
2025
СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ
     Ағымдағы жылдың қаңтар айының 10 күні «Бүгінгі оқушы – ертеңгі маман иесі» тақырыбында 10-11 сынып білім алушылары арасында студенттермен кездесу кеші өтті.   Мақсаты:       Жоғары кәсіптік оқу орындарының студенттерін кездесуге шақыра отырып, оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру;          Мектепті бітіріп кеткен түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету;      Мамандықтардың түрлері, әр түрлі оқу
11-сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілген жиналыс
20
декабрь
2024
11-сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілген жиналыс
20 желтоқсан күні 11-сынып ата-аналарымен мамандық туралы мағлұмат беру, мамандық таңдаудағы қателіктерге жол бермеу мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында кәсіптік бағдар беруші педагог А. Касимова мамандық таңдаудағы маңызды қадамдармен таныстырды. 2024 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша көп конкурс болған мамандықтар, жоғары оқу орындарына түсудегі шекті баллдар туралы да айтылды.  Жиналыс соңында ата-аналар сұрақтар қойып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  
Меркі ауданының "Ұлттық сараптама орталығына"  экскурсия
26
ноябрь
2024
Меркі ауданының "Ұлттық сараптама орталығына" экскурсия
Мамандық таңдауда ең қажетті кеңес - таңдап отырған мамандық туралы көп ақпарат пен тәжірибе. Осы орайда №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінің 9 және 10 сынып оқушылары арасынан болашақ медицина мамандығын таңдап отырған оқушылары  Меркі ауданының "Ұлттық сараптама орталығына"  экскурсияға барды. Экскурсия барысында сараптама орталығының маманы Болатбекова Сандуғаш Бейсенбаевна зертхана жұмыстарының жүргізілуін және мамандардың жұмыс процестерімен таныстырды. Оқушылар қосымша сұрақтар