26
ноябрь
2024
Меркі ауданының "Ұлттық сараптама орталығына" экскурсия
Мамандық таңдауда ең қажетті кеңес - таңдап отырған мамандық туралы көп ақпарат пен тәжірибе. Осы орайда №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінің 9 және 10 сынып оқушылары арасынан болашақ медицина мамандығын таңдап отырған оқушылары Меркі ауданының "Ұлттық сараптама орталығына" экскурсияға барды. Экскурсия барысында сараптама орталығының маманы Болатбекова Сандуғаш Бейсенбаевна зертхана жұмыстарының жүргізілуін және мамандардың жұмыс процестерімен таныстырды. Оқушылар қосымша сұрақтар қойып, қажетті ақпараттарды алды.