Психологиялық қызмет » Страница 4 » СШ№2 Аспара
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-50-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-50-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Түрлі -түсті табиғат" арт-терапия
04
июнь
2025
"Түрлі -түсті табиғат" арт-терапия
04.06.2025ж  жазғы сауықтыру лагерінде балаларға  "Түрлі-түсті табиғат" арт-терапиясы  жүргізілді. Балалар екі топқа бөлініп, әдемі табиғатты қиялдарымен әсемдеуге кірісті. Мақсаты: Балалардың ішкі жан дүниесін ашу, эмоционалдық күйін реттеу, табиғат арқылы тынығу мен шабыт алу дағдыларын қалыптастыру, түстерді сезіну арқылы өз ойын шығармашылықпен жеткізуге мүмкіндік беру. Мектеп психологы:  Мамырбаева З.Б
"Артық орындық" ойыны
03
июнь
2025
"Артық орындық" ойыны
03.06.2025ж «Айгөлек» жазғы сауықтыру лагерінде балаларға "Артық орындық"  ойыны ойнатылды.  Балалар жақсы көңіл-күймен, жарыса ойнады.  Ойынның мақсаты: балалардың зейінін, жылдамдық пен шапшаңдықты дамыту, кеңістікте дұрыс бағдарлай білуге үйрету, сонымен қатар ойын барысында қызығушылықтарын арттырып, бір-бірімен қарым-қатынасын нығайту, жақсы көңіл-күй сыйлау. Педагог-психолог: Мамырбаева З. Б
"Айгөлек" жазғы лагері. "Танысу" тренингі
02
июнь
2025
"Айгөлек" жазғы лагері. "Танысу" тренингі
№2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде «Айгөлек» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті. Балалар ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Жиында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Орымбетова Ә. сөз сөйлеп, балаларға ізгі-тілегін білдірді. Лагер басшысы: Жазира Бекенбайқызына сөз берілді. Сонымен қатар, мектеп медбикесі балаларға қауіпсіздік шараларын мұқият сақтаулары жөнінде мағлұмат беріп өтті. Мектеп психологы:  Мамырбаева Замира Бекенбайкызы, жас ерекшелігі әртүрлі балаларды
"Ата-ананың балаға бөлген уақыты-бала тәрбиесінің негізі" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы.
14
май
2025
"Ата-ананың балаға бөлген уақыты-бала тәрбиесінің негізі" тақырыбында
 Аудандар мен Тараз қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу мақсатында "Ата-ананың балаға бөлген уақыты - бала тәрбиесінің негізі" тақырыбында №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде 14.05.2025 күні жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Сонымен қатар, "Бала тәрбиесі туралы " видиоролик көрсетілді. Мақсаты; ата-ана мен бала арасындағы жауапкершілікті нығайту, баланың ішкі жан-дүниесін ұғындыру. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: А.
"Аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу"
24
апрель
2025
"Аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу"
№2 Аспара ЖОББМ-де 24.04.25-жылы аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу бойынша ішкі істер бөлімінің, денсаулық сақтау саласының қызметкелерін қатыстыра отырып кездесу, жиналыстар ұйымдастырылды.  Мақсаты: Оқушылар арасында аутодеструктивті (өз-өзіне зиян келтіретін) мінез-құлықтың алдын алу, денсаулық сақтау сапасын арттыру, қауіпсіз өмір салтын ұстануға баулу мақсатында ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен кездесу және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.  Мектеп психологы: Мамырбаева З. Б
"Мен және біз" ата-ана мен оқушының қатысуымен спорттық жарыс
23
апрель
2025
"Мен және біз" ата-ана мен оқушының қатысуымен спорттық жарыс
№2 Аспара ЖОББМ- де 23.04.25 жылы  оқушылардың жағдайын нығайтуға бағытталған көктемгі айлық барысында «Мен және біз» ата-анамен оқушылар арасындағы спорттық жарыс өткізілді.  Мақсаты: ата-аналар мен оқушылар арасындағы бірлікті, өзара қолдауды нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау,  спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.  Мектеп психологы: Мамырбаева З. Б
"Мен және  менің ортам" тренинг
21
апрель
2025
"Мен және менің ортам" тренинг
№2 Аспара ЖОББМ-де 21.04.2025 күні оқушылардың психологиялық жағдайын нығайту барысында "Мен және менің ортам" тақырыбында оқушылармен тренинг өткізілді. Мақсаты: оқушылардың өзін-өзі тануына , айналасындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас орната білуіне дағдыландыру. Мектеп психологы: Мамырбаева З.Б
"Жүрек жылуы" тақырыбында ата-аналарға арналған семинар-тренинг.
17
апрель
2025
"Жүрек жылуы" тақырыбында ата-аналарға арналған семинар-тренинг.
№2 Аспара ЖОББМ-де 17.04.2025 жылы оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған көктемгі айлық барысында «Жүрек жылуы»  тақырыбында ата-аналарға арналған семинар-тренинг өткізілді. Мақсаты: Ата-аналар баланың эмоциялық және психологиялық дамуына қолдау көрсету жолдарын үйрету, жүрек жылуын, мейірімділік пен түсіністікті арттыру арқылы отбасылық қарым-қатынасты нығайту. Мектеп психологы: Мамырбаева З. Б
"Сенімділік күш береді" тренинг
16
апрель
2025
"Сенімділік күш береді" тренинг
№2 Аспара жоббм-де оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған көктемгі айлық барысынды 16.04.2025 жылы "Сенімділік күш береді" тренинг оқушылар арасында өткізілді. Мақсаты: оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру,қиындықтарды жеңуге қабілеттерін дамыту және өмірде алға қойған мақсаттарына жету үшін ішкі күштерін пайдалану. Мектеп психологы: Мамырбаева З.Б
5-8 Сынып оқушылары арасында "Менің арманым" эссе байқауы
13
апрель
2025
5-8 Сынып оқушылары арасында "Менің арманым" эссе байқауы
№2 Аспара ЖОББМ-де 5-8 сынып оқушылары арасында "Менің арманым" тақырыбында эссе байқауы жүргізілді. Мақсаты: Балалардың  болашаққа деген ой-өрісін дамыту, еліне пайдасын тигізуге құштарлықтарын арттыру. Мектеп психологы: Мамырбаева З.Б