Психологиялық қызмет » Страница 2 » СШ№2 Аспара
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-50-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-50-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Басқа органдардың мамандарымен бірлескен " жұмыстары
18
март
2026
"Басқа органдардың мамандарымен бірлескен " жұмыстары
Жоспарға сәйкес мектеп психологы әлеуметтік педагогпен, медицина қызметкерлерімен, құқық қорғау органдарынң мамандарымен және басқа да тиісті ұйым өкілдерімен бірлескен жұмыстар жүргізді.  Мақсаты: Білім беру ұйымы мен басқа да органдар мамандары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, оқушылардың психологиялық, әлеуметтік және құқықтық мәселелерін бірлесіп шешу, профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру.
"Біз біргеміз - буллингке жол жоқ!" тренинг
11
март
2026
"Біз біргеміз - буллингке жол жоқ!" тренинг
6-9 сыныптар арасында «Біз біргеміз – буллингке жол жоқ» тақырыбындағы іс-шара өткізілді. мақсаты – оқушыларға буллингтің зиянын түсіндіру, оның алдын алу жолдарын үйрету, өзара құрмет, сыйластық және қолдау мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар, оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, қауіпсіз әрі жағымды психологиялық орта құруға бағыттау.
"Сенімділік - сәттілік бастауы"
03
март
2026
"Сенімділік - сәттілік бастауы"
Бүгін 11-сынып оқушыларымен "Сенімділік-сәттілік бастауы" тренингі өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға ҰБТ алдында  ішкі дайындығын күшейту, өздеріне сенудің маңызын түсіндіру, қиындықтар кездескенде қорықпай әрекет ету, мотивацияны арттыру, өз армандарына жетуге талпындыру. Өзін-өзі басқаруға, сабырлылық пен жүйелі дайындыққа баулу.
"Психологтың үздік кабинеті" байқауы
27
февраль
2026
"Психологтың үздік кабинеті" байқауы
«Психологтың үздік кабинеті» байқауы аясында психолог кабинеттерінің материалдық-техникалық жабдықталуы, эстетикалық безендірілуі және әдістемелік қоры таныстырылды. Мақсаты: Педагог-психолог кабинетінің жұмысын жетілдіру, психологиялық қызметтің сапасын арттыру, кабинеттің эстетикалық безендірілуі мен әдістемелік қамтамасыз етілу деңгейін анықтау және озық тәжірибені насихаттау. 
"Қауіпсіз интернет, буллинг және кибербуллинг" жадынама тарату
24
февраль
2026
"Қауіпсіз интернет, буллинг және кибербуллинг" жадынама тарату
5-11 сынып оқушылары арасында "Қауіпсіз интернет, буллинг және киберббулингтің" алдын алу бойынша жолдарын түсіндіре отырып, олардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және онлайн ортада өзін қорғау дағдыларын қалыптастыру мақсатында жаднама таратылды. Жаднама оқушылардың интернеттегі жеке деректерін қорғау, таныс емес адамдармен байланыста сақтық шараларын сақтау,агрессия мен қорлаудың кез-келген түрін ажырата білу, сондай-ақ буллинг жағдайында дұрыс әрекет ету және үлкендерден көмек сұраудың
"Мазасыздық экспресс" әдістемесі, авторы О.Н. Хмельницкая
13
февраль
2026
"Мазасыздық экспресс" әдістемесі, авторы О.Н. Хмельницкая
5-11 сыныптар аралығында "Мазасыздық экспресс" әдістемесі жүргізілді. Бұл әдістеме баланың толық деңгейін, уайымын, оқу процесіндегі өзін қалай сезінетінін, қорқыныш пен тұрақсыздық белгілерін анықтауға көмектеседі. Әдістеменің негізгі мақсаты: Оқушылардың эмоционалдық жағдайын жылдам бағалау, олардың психологиялық жайлылығына әсер ететін жасырын алаңдаушылық белгілерін ерте кезеңде анықтау.
"Мен досымды құрметтеймін" Эссе
12
февраль
2026
"Мен досымды құрметтеймін" Эссе
Бүгін 5-11 сынып аралығында «Мен достықты құрметтеймін» тақырыбында эссе жазу ұйымдастырылды.  Мақсаты – оқушыларға достықтың маңызын түсіндіру, өзара сыйластық, сенім, қамқорлық сияқты адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Сонымен қатар, оқушылардың ойлау қабілетін, өз пікірін еркін жеткізу дағдысын дамыту және достық қарым-қатынасты нығайтуға бағыттау.
"Дос болайық, ренжітпейік"
04
февраль
2026
"Дос болайық, ренжітпейік"
Бүгін, "Дос олайық,  ренжітпейік" тақрыбында 2 сыныптармен тренинг өткізілді. Мақсаты: Оқушылар арасында достық, түсіністік, сыйластық құндылықтарын қалыптастыру. Бір-біріне жағымды қарым-қатынас жасауды үйрету. Топ ішінде жылы атмосфера орнату және бірлік сезімін күшейту.
"ҰБТ-ға психологиялық дайындық" тренингі
27
январь
2026
"ҰБТ-ға психологиялық дайындық" тренингі
Мектеп психологының ұйымдастыруымен 11-сынып оқушыларына арналған «ҰБТ-ға психологиялық дайындық» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг  барысында оқушылардың емтихан алдындағы мазасыздық деңгейін төмендету, өзіне деген сенімділігін арттыру, күйзелісті жеңу дағдыларын қалыптастыру мақсатында психологиялық жаттығулар жүргізілді.
Сауалнама қорытындысы бойынша жаднама тарату 1-4 сыныптар
27
январь
2026
Сауалнама қорытындысы бойынша жаднама тарату 1-4 сыныптар
Бүгін, 1-4 сынып оқушылары арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша олардың қауіпсіздік, тәртіп сақтау, интернетті дұрыс пайдалану, өз-өзін дамыту және мектеп ережелерін түсіну деңгейін анықтау негізінде  жаднама тарату мақсаты-оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жағымды қарым-қатынас мәдениетін дамыту және мектеп ортасында өзін сенімді сезінуіне жағдай жасау.