Психологиялық қызмет » Страница 5 » СШ№2 Аспара
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-50-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-50-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Менің сыныбым"  әдістемесі
10
октябрь
2025
"Менің сыныбым" әдістемесі
5-сынып оқушыларымен  "Менің сыныбым" әдістемесі жүргізілді. Зерттеу мақсаты: Баланың сыныптағы әлеуметтік -психологиялық жағдайын анықтау, оқушының өзін ұжымда қалай сезінетінін көру, қарым-қатынастағы жақын және алшақ достарын білу, баланың эмоциялық көңіл-күйін бақылау,ұжымда бейімделу деңгейін, оқшаулануын немесе көшбасшылық рөлін айқындау. Мектеп психологы: Мамырбаева З.Б
"Керн Йерасек тесті" 1-сынып
09
октябрь
2025
"Керн Йерасек тесті" 1-сынып
Бүгін 1 "а" сынып оқушыларымен мектептегі оқуға дайындық деңгейін анықтау тесті (Керн Йерасек тесті) жүргізілді.  Мақсаты: Баланың мектепке деген психологиялық дамуының деңгейін интеллектуалды, когнитивті мүмкіндіктерін, ұсақ маторикасының дамуын, зейін қабылдау, ойлау қабілетін дәрежесін анықтау.
"Қарапайым сөз -үлкен қолдау:  достықтың психологиялық күші"
02
октябрь
2025
"Қарапайым сөз -үлкен қолдау: достықтың психологиялық күші"
Бүгін 9 "а" сынып оқушыларымен "Қарапайым сөз-үлкен қолдау. достықтың психологиялық күші" тақырыбында тренинг жүргізілді. Мақсаты: Оқушыларға қарапайым сөздің адамға үлкен қолдау болатынын түсіндіру, достықтың психологиялық күшін сезіндіру және бір-біріне жананшырлықпен қарауға тәрбиелеу.
"Саналы ата-ана"
17
сентябрь
2025
"Саналы ата-ана"
2025 жылдың қыркүйек айында мектебімізде ата-аналарға арналған жалпы жиналыс өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты-оқушылар арасында жиі кездесетін буллингтің (қорқыту, мазақтау, психологиялық қысым көрсету) алдын алу, ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты күшейту болды. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, әлеуметтік педагог, психолог және ата-аналар қатысты. Буллинг ұғымы, оның түрлері және бала психологиясына тигізетін зияны жөнінде баяндама жасалды. Мектеп психологы:
"Ата-аналар психологиялық кеңес "
10
сентябрь
2025
"Ата-аналар психологиялық кеңес "
2025 жылдың 10 қыркүйек күні №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебі " Отбасы күніне" орай мектеп психологтарының ұйымдастыруымен ата-аналарға арналған танымдық тәрбие мәселелеріндегі педагогикалық сауаттылығын арттыру мақсатында "Саналы ата-ана" тақырыбында  кездесулер өткізілді. Ата-аналарға психологиялық кеңестер жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Бала тәрбиесі- үлкен жауапкершілік пен сабырлықты қажет ететін қасиетті міндет. Әрбір ата-ана үшін баланың бақытты, дені сау, білімді және
"Дэн Олвейстің буллинг сауалнамасы"
08
сентябрь
2025
"Дэн Олвейстің буллинг сауалнамасы"
Бүгін мектебімізде кәмелетке жасы толмағандар арасында бопсалау, қорқытып ақша жинау, әлімжеттік көрсету әрекеттерінің алдын алу жағымсыз әсер ететін жастардың түрлі топтарының жетекшілері болып табылатын бопсалаушы тұлғаларды анықтау, сонымен қатар оқушылар арасында аутодеструктивті мінез-құлықты оқушыларды анықтау мақсатында "Дэн Олвейстің буллинг сауалнамасы" алынды. 
"Үмітсіздік шкаласы" тесті, авторы А.Т. Бек
04
сентябрь
2025
"Үмітсіздік шкаласы" тесті, авторы А.Т. Бек
6-11 сынып білім алушылар арасында "Үмітсіздік шкаласы" тесті, авторы А.Т. Бек сауалнамасы жүргізілді. Мақсаты: Білім алушылардың психологиялық-педагогикалық жағдайын анықтау, оқушылардың бейімделу деңгейін бағалау және қолайлы әлеуметтік-психологиялық климат құру.
"Мұғалімнің психологиялық әл-ауқаты" тренингі
03
сентябрь
2025
"Мұғалімнің психологиялық әл-ауқаты" тренингі
 Бүгін, "Мұғалімнің әл-ауқат" тренингі өткізілді. Мақсаты: Ұжым арасында жағымды атмосфера қалыптастыру, эмоционалдық жақындасу. Тренинг соңында қатысушылар бүгінгі әсерлерімен бөлісіп, бір-біріне алғыс білдірді.  
"Есте сақтау қабілеттерін дамыту " тренинг-сабағы
27
июнь
2025
"Есте сақтау қабілеттерін дамыту " тренинг-сабағы
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерьіндегі балаларға жас ерекшеліктеріне қарай "Есте сақтау қабілеттерін дамыту" тренинг-сабағына байланысты суреттер таратылды. Балалар мұқият қарап, кейін қойылған сұраққа  өз есте сақтау қабілеттеріне қарай жауап берді. Балалар   жақсы жауап бере білді.  Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту. Назарын шоғырландыруды үйрету. Сөздік қорын және ойлау қабілетін жетілдіру. Қызығушылықпен және белсенділікпен жұмыс істеуге баулу. Бірлесіп жұмыс жасауға
"Менің көңіл-күйім" ойыны
26
июнь
2025
"Менің көңіл-күйім" ойыны
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерьінде бүгін "Менің көңіл-күйім" ойыны ұйымдастырылды. Балаларға эмоциялары мен көңіл-күй туралы жеңіл әрі түсінікті түрде түсіндіріп өттік. Көңіл-күй дегеніміз -біздің ішкі сезіміміз. Біз қуансақ-күлімдейміз, ашулансақ -қабағымыз түсіп кетеді. Көңіл-күйіміз күн сияқты: кейде ашық, кейде бұлтты болады. Балалармен "Смайликтер ойыны", "Көңіл-күй түстері" сияқты ойындар ойнатылды. Мақсаты: 7-8 жас аралығындағы балаларға өз көңіл-күйлерін тануға, түсінуге және дұрыс