Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері 27 қазан күні мектеп асханасына мониторингтік талдама жүргізді. Тексеру барысында АКТ жасалып, арнайы параметрлер бойынша тексеріс жүргізілді. АКТ-де көрсетілген талаптар бойынша асхана жұмысын бағалау үшін комиссия отырысы болды. Отырыс шешімі мен АКТ қорытындысына сай талапқа сәйкес келмейтін анықталған кемшіліктер жауаптыларға ескертіліп, түзетілді.