02
октябрь
2024
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссия жұмысының қорытындысы
2 қазан күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу бойынша комиссиясы мүшелері мектеп асханасын, тамақдану жағдайын, санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау үшін тексеру жүргізді. Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі толтырылды. Тексеріс барысында ауыз су режимі, бақылаудағы тағамдардың болуы, асханалық аспаптардың дұрыс сақталуы, тоңазытқыш жабдығының санитарлық жағдайы, тамақ порциялары тексерілді. Асты сақтау шарттарының орындалуы қадағаланды. Тексеру барысында анықталған пісіру цехындағы жабдықтар мен мүкамалдың таңбаланбауы ескертіліп, түзетілді.