12
май
2026
Мектеп оқушылары мен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Меркі ауданының № 11971 әскери бөлім базасына барып, әскери қызметшілердің күнделікті өмірімен танысты.
Мектеп оқушылары мен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Меркі ауданының № 11971 әскери бөлім базасына барып, әскери қызметшілердің күнделікті өмірімен танысты. Бөлім командирі оқушыларға әскери бөлімнің құрылымы мен негізгі міндеттері жөнінде таныстырылым өткізді. Қызметтік және жаттығу алаңдары көрсетілді, әскери техника мен қару-жарақ үлгілерімен танысу ұйымдастырылды. Оқушылар әскери қызметшілермен еркін сұхбат құрып, олардың өмір салты, тәртіп пен жауапкершілік туралы сұрақтарына жауап алды. Саяхат барысында қауіпсіздік ережелері толық сақталды.