"Директордың қауіпсіздік сабағы" ұйымдастырылды » СШ№2 Аспара
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-50-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-50-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Директордың қауіпсіздік сабағы" ұйымдастырылды
15
апрель
2026

"Директордың қауіпсіздік сабағы" ұйымдастырылды

 «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» екі айлығының жоспарына сәйкес мектеп директоры Г. Разакпаева «Директордың қауіпсіздік сабағын» ұйымдастырып, 9-сынып оқушыларымен "Жасөспірімдер арасында буллинг пен  кибербуллингтің алдын алу" тақырыбында қауіпсіздік сабағын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингтің зияны туралы түсіндіру, сондай-ақ оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.

Сабақ барысында оқушыларға буллинг пен кибербуллинг ұғымдары жан-жақты түсіндіріліп, олардың түрлері, пайда болу себептері және салдары айтылды. Сонымен қатар, мұндай жағдайлардың алдын алу жолдары, қауіпсіз интернетті пайдалану ережелері, әлеуметтік желілердегі әдеп нормалары туралы кеңінен ақпарат берілді.

Директор оқушыларға кез келген қысым көрсету, қорқыту, мазақ ету әрекеттерінің заң алдында жауапкершілікке әкелетінін атап өтіп, қиын жағдай туындаған кезде мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшісіне немесе ата-аналарға жүгіну қажеттігін түсіндірді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив