16
апрель
2026
"Даналық мектебі" жоспары аясында "Аталар мектебі" клубы мүшелерімен сабақ ұйымдастырылды
Даналық мектебі аясында «Аталар мектебі» клубымен «Туыстық қарым-қатынас – баға жетпес байлық» тақырыбында тәрбиелік мәні зор сабақ ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға отбасы құндылықтарын, туыстық байланыстың маңызын түсіндіру, үлкендерді құрметтеу мен кішіге ізет көрсету сияқты ұлттық тәрбиенің негіздерін насихаттау, құқық бұзушылықтың алдын алу.
Сабақ барысында қатысушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері, отбасылық қарым-қатынастағы әдеп нормалары, ұрпақтар сабақтастығының маңызы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Аталар мектебінің мүшелері өз өмірлік тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, отбасының бірлігі мен татулығы – қоғам тұрақтылығының негізі екенін атап өтті, құқық бұзушылық фактілеріне арналған жағдаят сұрақтарына жауап беріп, оқушыларға тәрбиелік мәні әңгімелерін, ақылдарын айтып өтті.
Сонымен қатар, оқушыларға туыстық қатынастарды сақтаудың, бір-біріне қолдау көрсетудің және ата-баба мұрасын құрметтеудің маңыздылығы түсіндірілді. Іс-шара соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, тақырып бойынша сұрақ-жауап өткізілді. Сабақ тәрбиелік әрі танымдық жағынан мазмұнды өтті