13
апрель
2026
"АДАЛ АЗАМАТ" бағдарламасы аясында қауіпсіздік сабақтары апта сайын ұйымдастырылуда
"АДАЛ АЗАМАТ" бағдарламасы аясында апта сайын 1-11 сыныптарда қауіпсіздік сабақтары ұйымдастырылады. Оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау, олардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында жоспарға сәйкес қауіпсіздік сабақтары жүйелі түрде өткізілді. Аталған жұмыстар барлық сыныптарды қамтып, тәрбие сағаттары, түсіндіру сабақтары және практикалық жаттығулар түрінде ұйымдастырылды.
Қауіпсіздік сабақтарының негізгі бағыттары ретінде жол-көлік қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, тұрмыстық қауіпсіздік, судағы қауіпсіздік, интернет қауіпсіздігі, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер қарастырылды. Әр бағыт бойынша оқушыларға жас ерекшеліктеріне сай түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жол-көлік қауіпсіздігі бойынша оқушыларға жаяу жүргіншілер ережелері, жол белгілерін тану, бағдаршам талаптарын сақтау туралы мәліметтер берілді. Өрт қауіпсіздігі тақырыбында өрттің шығу себептері, оны болдырмау жолдары, өрт кезінде эвакуация ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар, тұрмыста электр құралдарын дұрыс пайдалану, газ және тұрмыстық заттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары айтылды.
Судағы қауіпсіздік бойынша жазғы және қысқы мезгілдердегі қауіп-қатерлер, суға түсу ережелері түсіндірілді. Интернет қауіпсіздігі бағытында оқушыларға жеке мәліметтерді қорғау, кибербуллингтің алдын алу, зиянды ақпараттардан сақтану жолдары үйретілді.
Сабақтар барысында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды: бейнероликтер көрсету, ситуациялық тапсырмалар, сұрақ-жауап, түсіндірме жұмыстары және практикалық жаттығулар. Оқушылар төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету, өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігін сақтау дағдыларын меңгерді.
Өткізілген қауіпсіздік сабақтарының нәтижесінде оқушылардың қауіпсіздік ережелері туралы білімдері кеңейіп, жауапкершілік сезімі артты. Сонымен қатар, олардың өмірлік дағдылары қалыптасып, қауіпті жағдайлардың алдын алу қабілеттері дамыды.