11
октябрь
2024
"Білім ұясындағы мамандар" тақырыбында 2-4 сынып оқушыларымен шолу экскурсиясы
N2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде 2-4 сынып оқушыларымен «Білім ұясындағы мамандар» тақырыбында бастауыш сынып жетекшілері шолу экскурсиясын ұйымдастырды. Жас ерекшеліктеріне байланысты бастауыш сынып оқушыларына білім ұясындағы әр түрлі маман иелерімен атап айтқанда мұғалім, кітапханашы, аспазшы және тәрбиеші т.б. маман иелерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді. “Мамандықтың бәрі жақсы”тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Сондай-ақ мамандық дегеніміз не? Қандай мамандық иелерін білесіңдер?- деген сынды сұрақтар қойылып, оқушылардан жауаптар алынды.
Мақсаты: мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту.
Мақсаты: мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту.