24
октябрь
2024
"Мамандық таңдау - ертеңді ойлау" атты байқау.
№2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде көркем эстетикалық әдістемелік бірлестігі айлығы барысында көркем еңбек пәнінің мұғалімі А.Касимова «Мамандық таңдау - ертеңді ойлау» тақырыбында 8-10 сыныптар арасында байқау өткізді. Мақсаты: Оқушыларға болашақ мамандық таңдау үшін бағыт-бағдар беру, әр мамандықтың қызығы мен қиындығын жете ұғындыру. Іс-шара барысында мектеп директоры Г.Разакпаева сөз сөйлеп, оқушыларға сәттілік тіледі. Байқау 5 бөлімнен құралған, атап айтқанда: таныстыру, өнер сайысы, көрініс, қолөнер, альбом. Таныстыру бөлімінде оқушылар өздеріне тиісті мамандықтың мақсаты мен міндеттерін таныстырып, әр бөлімінде өз мамандықтарына сай дайындалғанын көрсетті. Көрініс бөлімі ерекше қызықты болды.
Байқау жеңімпаздары мақтау қағазымен марапатталды:
Бас жүлде - 9 «Ә» дәрігерлер тобы,
І орын – 10 «А» полиция тобы,
ІІ орын – 9 «А» құрылысшы тобы,
ІІ орын – 8 «А» мұғалім тобы, 8 «Ә» дизайнер тобы
Байқау жеңімпаздары мақтау қағазымен марапатталды:
Бас жүлде - 9 «Ә» дәрігерлер тобы,
І орын – 10 «А» полиция тобы,
ІІ орын – 9 «А» құрылысшы тобы,
ІІ орын – 8 «А» мұғалім тобы, 8 «Ә» дизайнер тобы