Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы » СШ№2 Аспара
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-50-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-50-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы
19
май
2023

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы


Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 20317 болып тіркелді.

       Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 23-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

       1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі;

       2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары;

       3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес орта және арнаулы білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі;

       4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес орта және арнаулы білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары;

       5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі;

       6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары;

       7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі;

       8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары бекітілсін

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
 

       2. "Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдердегі мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанындағы мынадай:

      1-4 сыныптарға арналған сынып журналының,

      5-11 сыныптарға арналған сынып журналының,

      мектепалды сыныптардың журналының;

      факультативтік сабақтардың немесе үйде оқыту журналының,

      білім алушының жеке іс қағазының,

      1-4 сынып білім алушыларының үлгерімі туралы табельдердің,

      5-11 (12) сынып білім алушыларының сабақ үлгерімі туралы табелдердің,

      бұйрықтарды тіркеу кітабының (негізгі қызметке, жеке құрам бойынша, білім алушылардың қозғалысы бойынша),

      педагогикалық кеңес хаттамалары кітабының,

      педагог қызметкерлердің жеке құрамын есепке алу кітабының,

      білім алушыларды жазатын алфавиттік кітаптың,

      кеткен білім алушыларды есепке алу кітабының,

      келген білім алушыларды есепке алу кітабының,

      босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналының,

      білім алушылардың үлгерімі туралы табельдерді есепке алу кітабының,

      негізгі орта білім беру ұйымын бітіргендігі туралы аттестатты беру және есепке алу кітабының,

      жалпы орта білім беру туралы атестатты есепке алу және беру кітабының,

 мақтау грамоталарын және мақтау қағаздарын беруді есепке алу кітабының,

 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арналған теориялық оқытуды есепке алу журналының,

 жеке сабақтарды есепке алу журналының,

 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арналған өндірістік оқытуды есепке алу журналының,

 білім алушының үлгерімі кітабының,

 диплом беру кітабының,

 дипломдардың телнұсқасын беру кітабының,

 академиялық анықтама беру кітабының,

 білім алушылардың атаулы кітабының нысандары алынып тасталсын.

 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) и 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Қазақстан Республикасының


Білім және ғылым министрі

А. Аймагамбетов


Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2020 жылғы 6 сәуірдегі
 № 130 бұйрығына
 1-қосымша




 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі

       Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Педагогтер құжаттарды қағаз немесе электрондық (білім беру ұйымы электрондық жүйеге қосылған кезде) форматта толтырады. Электрондық форматта толтыру кезінде қағаз нұсқасы талап етілмейді.

      Электрондық цифрлық қолтаңба құжаттарды электрондық форматта жүргізген және электрондық жүйеге қосқан кезде қол мен мөрге теңестіріледі.

      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының және мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптарының педагогтері:

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тәрбиеші қазақ тілі мұғалімімен, дене шынықтыру (жүзу) жөніндегі нұсқаушымен, музыкалық жетекшімен (қағаз немесе word word (ворд) немесе pdf (пдф) электрондық форматта) бірлесіп:

       1) оқу жылы басталғанға дейін бір рет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде оқу жылына арналған ұйымдастырылған қызметтің перспективалық жоспарын әзірлейді;

      2) апта сайын тәрбие-білім беру процесінің циклограммасын жасайды;

      3) оқу жылының басында бір рет баланың оқу жылына арналған жеке даму картасын әзірлейді және диагностиканың (бастапқы, аралық, қорытынды бақылау) нәтижелері бойынша жеке даму картасына өзгерістер енгізеді.





Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2020 жылғы 6 сәуірдегі
 № 130 бұйрығына
 2-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары

      Нысан

       Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының негізінде 20___-20___ оқу жылына арналған ұйымдастырылған қызметтің перспективалық жоспары

      Мектепке дейінгі ұйым (балабақша/мектепке дейінгі шағын орталық) /

      Мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сынып

      ____________________________________________________________________

      Мектепке дейінгі ұйымдағы топ

      ____________________________________________________________________

      Балалардың жасы _____________________________________________________

      Жоспар қандай кезеңге жасалды (айды, жылды көрсету) ____________________

Ай

Ұйымдастырылған қызмет

 Ұйымдастырылған қызметтің тақырыптары 

_____________

Дене шынықтыру



Сөйлеуді дамыту



Көркем әдебиет



 Сауат ашу негіздері 



Қазақ тілі



Сенсорика/ Математика негіздері



Қоршаған ортамен таныстыру



Құрастыру



Жаратылыстану



Сурет салу



 Мүсіндеу 



 Жапсыру 



Музыка



       Ескерту: перспективалық жоспарды тәрбиеші жас тобында жұмыс істейтін педагогтермен (қазақ тілінің мұғалімімен, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысымен, музыка жетекшісімен) және мектепалды сынып тәрбиешісімен бірлесіп оқу жылы басталғанға дейін бір рет жасайды. 

      Нысан

 Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

 Мектепке дейінгі ұйым (балабақша/мектепке дейінгі шағын орталық)

 ____________________________________________________________________

 Топ ________________________________________________________________

 Балалардың жасы ____________________________________________________

 Жоспар қандай кезеңге жасалды (апта күндерін, айды, жылды көрсету)

 ____________________________________________________________________

 Күн тәртібінің үлгісі 

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау











Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен кеңес, әңгімелесу











Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу іс-әрекеті, кітаптарды қарау және басқалар)











Ертеңгілік жаттығу











Таңғы ас











Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық (бұдан әрі – ҰІӘ)











Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ҰІӘ











2-ші таңғы ас











Серуенге дайындық











Серуен











Серуеннен оралу











Түскі ас











Түскі ұйқы











Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары











Бесін ас











Балалардың дербес іс-әрекеті (аз қимылды, үстел үсті ойындары, бейнелеу іс-әрекеті, кітаптарды қарау және басқалар)











Балалармен жеке жұмыс











Серуенге дайындық











Серуен











Серуеннен оралу











Кешкі ас











Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды, үстел үсті ойындары, бейнелеу іс-әрекеті, кітаптарды қарау және басқалар)











Балалардың үйге қайтуы











      Ескерту: ҰІӘ мектепке дейінгі ұйымның кестесіне сәйкес күннің бірінші және екінші жартысында жоспарланады. Циклограмманы тәрбиеші жас тобында жұмыс істейтін басқа педагогтермен (қазақ тілінің мұғалімімен, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысымен, музыка жетекшісімен) бірлесіп жасайды.

      Нысан

 Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

 Мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сынып 

 ____________________________________________________________________

 Балалардың жасы

 ____________________________________________________________________

 Жоспар қандай кезеңге жасалды (апта күндерін, айды, жылды көрсету)

 ____________________________________________________________________

 Күн тәртібінің үлгісі 

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау











Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен кеңес, әңгімелесу











Балалардың дербес іс-әрекеті (аз қимылды, үстел үсті ойындары, бейнелеу іс-әрекеті, кітаптарды қарау және басқалар)











Ертеңгілік жаттығу











Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық (бұдан әрі – ҰІӘ)











Кестеге сәйкес ҰІӘ











Серуенге дайындық











Серуен











Серуеннен оралу











Балалармен жеке жұмыс











Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптарды қарау және басқалар)











Балалардың үйге қайтуы











      Ескерту: Циклограмманы мектепалды сыныптың тәрбиешісі құрастырады.

      Нысан

 202 __ - 202 __ оқу жылында бала дамуының жеке картасы

 Баланың аты-жөні ____________________________________________________

 Баланың туған жылы __________________________________________________

 Мектепке дейінгі ұйым (балабақша/мектепке дейінгі шағын орталық) / 

 Мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сынып

 ____________________________________________________________________

 Мектепке дейінгі ұйымдағы топ ________________________________________

Құзыреттіліктер

Бастапқы бақылау нәтижесіндегі шаралар (дамытушы, түзету) (қазан-желтоқсан)

Аралық бақылау нәтижесіндегі шаралар (дамытушы, түзету) (ақпан-сәуір)

Қорытынды бақылау нәтижесіндегі шаралар (дамытушы, түзету) (маусым-шілде)

Қорытынды (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында белгіленген күтілетін нәтижелерге сәйкес баланың даму деңгейі)

Физикалық қасиеттер









Коммуникативтік дағдылар









Танымдық және зияткерлік дағдылар









Шығармашылық дағдылар, зерттеу іс-әрекеті









Әлеуметтік-эмоционалды дағдылар









      Ескерту: Білім беру салалары бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын игеруі нәтижесінің индикаторлары мен индикаторларының сипаттамасы балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда берілген.

      Алынған деректер негізінде оқу жылына Баланың жеке даму картасы толтырылады.

 Баланың жеке дамыту картасын толтыру кезінде педагог кестеге дамытушы немесе түзету шараларын, қажет болған жағдайда бақылау нәтижелері бойынша іс-шаралардың екі түрін енгізеді.

 Жеке картаны жас тобында жұмыс істейтін басқа педагогтермен (қазақ тілінің мұғалімімен, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысымен, музыка жетекшісімен) бірлесіп топ тәрбиешісі және мектепалды сыныптың тәрбиешісі дербес толтырады.


 
 







Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі
 №130 бұйрығына 3-қосымша

Орта және арнаулы білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі

 Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 Құжаттарды педагогтер қағаз немесе (білім беру ұйымы электрондық жүйеге қосылған жағдайда) электрондық форматта толтырады. Электрондық форматта толтыратын жағдайда қағаз нұсқа талап етілмейді.

      Электрондық цифрлық қол электрондық жүйеге қосылған және құжаттар электрондық форматта жүргізілген жағдайда, мөр мен қолға теңестіріледі.

      Барлық оқу пәндерінің педагогтері:

      күн сайын сабақ кестесіне сәйкес:

      1) 1-4 сыныптарға арналған cынып журналын, 5-11 (12) сыныптарға арналған сынып журналын, факультативтік сабақтар, үйде оқыту журналын, мектепалды сыныптардың журналын (қағаз немесе электрондық форматта);

      2) қысқа мерзімді (сабақ) жоспарды (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) жүргізеді;

      оқу жылы басталғанға дейін бір рет:

      1) пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарды (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);

      2) тәлімгерлік жоспарды (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) әзірлейді;

      тоқсандық қорытынды бойынша:

      автоматтандырылған ақпараттық жүйеден автоматты түрде жасалатын және бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері бойынша талдауды жүргізеді (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);

      оқу жылының қорытындысы бойынша бір рет:

      негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіндегі оқыту курсы үшін емтихан хаттамасы (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) жүргізеді.

      9 (10), 11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау хаттамаларын (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында).

      2. Сынып жетекшісі:

      оқу жылы басталғанға дейін бір рет және оқу жылы ішінде:

      сынып жеткшісінің жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) әзірлейді және іске асырады;

      тоқсандық және оқу жылының қорытындысы бойынша:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив