31
март
2025
№8 ДИРЕКТОР ЖАНЫНДАҒЫ КЕҢЕС
31 наурыз күні №8 директор жанындағы кеңес өткізілді. Кеңесте төмендегідей мәселелер қаралды:
1) Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәндерінің оқытылу сапасы (ДОІЖО М. Мусаева)
2) 5-11 сыныптардағы Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері пәндерінің оқытылу сапасы (ДҒІЖО А. Рыспаева)
3) ҰБТ-ге дайындық барысында алынған тест қорытындылары (ДОІЖО М. Мусаева)
4) «Даналық мектебі клубы» іс-шараларының өткізілу сапасы (ДТЖО А. Орымбетова)
Күн тәртібіне сәйкес шешімдер шығарылып, шешімнің орындалуы туралы жауаптыларға тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, 11-сынып оқушыларының ҰБТ-ге дайындығын күшейту, игерілмеген тақырыптар бойынша пән мұғалімдеріне қосымша түсіндірме жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Наурыз ҰБТ қорытындысы бойынша ата-аналармен таныстыру мақсатында жиналыс өткізіп, мамандық таңдауға бағыт беру үшін қосымша ақпарат беру ұсынылды.