13
февраль
2025
«Жаныңда жүр, жақсы адам»
№2 Аспара ЖОББМ—де психологиялық айлық барысында «Психологиялық денсаулықты насихаттау және эмоционалдық денсаулықты сақтау» күніне байланысты «Жаныңда жүр, жақсы адам» тақырыбында 10 «А» сынып оқушылары іс—шара өткізді. Адамшылық қасиеттер өз бойыңдағы жақсы мінез—құлық, жақсы әдет, жақсы тәрбиеден құралады. Ол ананың ақ сүті мен әкенің үлгі—өнегесінен, ата—әженің берер үлкендік батасымен пайда болатыны жайлы оқушыларға психологиялық насихаттар айтылды. Мақсаты: оқушыларға адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттер мен әрбір жақсы істердің шапағаты туралы түсініктерін кеңейту. Мектеп психологы: Мамырбаева З. Б
