19
март
2025
"Өз бетімен өмір сүре алатын тәуелсіз бала тәрбиелеудің 6 жолы" Кеңес беру.
№2 Аспара ЖОББМ-де "Өз бетімен өмір сүре алатын тәуелсіз бала тәрбиелеудің 6 жолы", тақырыбында ата-аналарға психологиялық кеңес беру жөнінде жиналыс өткізілді. Мақсаты: Өз бетімен өмір сүре алатын, жауапкершілікті, шешім қабылдай алатын тәуелсіз бала тәрбиелеу. Міндеттері: 1. Баланың жасына сай жауапкершілік жүктеу.
2. Шешім қабылдау дағдыларын дамыту
3. Қателіктерден сабақ алуды үйрету.
4. Қаржылық сауаттылыққа баулу
5. Өзін-өзі күту мен эмоциялық тұрақтылыққа тәрбиелеу.
6. Өзіндік ойлау мен мәселе шешу қабілетін дамыту.
Қорытынды: Балаңызды толықтай бақылауда ұстап, оның орнына барлық мәселені шешу-оның тәуелсіз болуына кедергі келтіреді. Оған сенім артып,қолдау көрсетіңіз. Сол кезде ол өз бетінше өмір сүре алатын, жауапты әрі сенімді тұлға болып қалыптасады. Мектеп психологы: Мамырбаева З.Б