19
июнь
2025
Тимбилдинг " Үлкен дөңгелек" командалық ойындар
Бүгін "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерьіндегі балалармен "Үлкен дөңгелек" ойыны ойнатылды. Балалар үлкен шеңбер бойына тұрып, бір-біріне лагерьдегі қызықты сәттер туралы сұрақ қойып, тақпақ,ән айтып,көңілді командалық ойындар ойнады. Фазлдар құрастырып жарысты.Ойын бірнеше кезеңнен тұрады: танысу,тілек айту, сенім жаттығулары, топтық жарыс. Балалар ойын арқылы өзінің жақсы қасиеттерін, ішкі мотивациясын арттырады.
Мақсаты: Балалардың арасындағы сенімді нығайту, командалық рухты күшейту, топ ішінде қауіпсіз қолайлы психологиялық атмосфера қалыптастыру. Әр баланың ішкі эмоционалды ресурсын қолдау. Мектеп психологы: Мамырбаева З.Б